• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 4 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Ондыдағы оңды өзгерістер

    [ 2019 ] 19 қыркүйек, 05:41  |  Жаңалықтар

    Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Маңғыстау ауданының әлеуметтік даму ахуалына арналған, сондай-ақ аймақта қазақ халқының ардақты қаламгері, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойы аясында атқарылып жатқан ауқымды шаралар жөнінде баспасөз брифингі өтті. Брифингте Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов пен Онды ауылының әкімі Балтабек Балапан Маңғыстау ауданының экономикалық-әлеуметтік дамуы және Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына дайындық жұмыстары жайында мәлімет берді. Маңғыстау ауданының әлеумет­тік даму көрсеткіштері мен аудандағы өзекті мәселелер туралы тоқталған аудан әкімі Тілек Көш­мағанбетов өңірдегі халық саны жылдан­ жылға артып келе жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 1 тамыздағы есеп бойын­ша тұрғындар саны 39,6 мыңға жеткен. Ау­дан экономикасы ауыл шаруашылығына бағытталған. Негізінен мал шаруашылығы, ет-­сүт өнімі, қой шаруашылығы жақсы өркендеген. Ірі­-қара мал, оның ішінде түйе көптеп өсіріледі. Жалпы облыстағы мал санының жартысына жуығы Маң­ғыстау ауданының еншісінде екен. Ауыл­ шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2019 жылдың қаңтар–тамыз айларында  3 млрд. 460 млн. теңгені құраған. Аудан­да 425 шаруа қожалығы, 10 ұйымдасқан шаруашылық, 2 ауыл шаруашылық коопе­ративі қызмет етеді. Атап айтсақ, 389 ша­руа қожалығы мал шаруашылығымен, 36 шаруа қожалығы егінмен айналысады. 24 бригада ірі соялы мал азығын дайындай­ды. Бүгінгі күнге дейін 20 548 тонна шөп дайындалып, жыл басынан бері 6 900 тон­на мал азығы жем әкелінген. Осы жылы 33 шаруа қожалығы 172 га жерге көкөніс, бақша дақылдарын еккен. Оның ішінде 142 га жер тамшылатып суғару қондырғысы пайдаланылған көрінеді. «Өнеркәсіп өнімдерінің ауқымы 2019 жылдың қаңтар–тамыз айларында 376,8 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімдер­інің нақты көрсеткіші – 98,2 пайыз. Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі – 32,7 млрд теңге немесе 2018 жылмен салыстырғанда 105,3 пайызға өскен. Ауда­нымызда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға баса мән берілген. «Нұр капитал» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 73 млн. теңге болатын 4 бизнес жоба іске асы­рылып жатыр. Осы жобалардың арқасында 36 жаңа жұмыс орны құрылды. Жалпы аудан бойынша микрокредиттік ұйымдар арқылы кәсіпкерлікті дамытуға барлығы 37 адамға 281,9 млн. теңге есебінде несие берілді. Несие сомасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге өсіп отыр. Жалпы аудандағы жалақы көлемі орта есеппен 133 364 теңгені құрады, өткен жылдан 38 пайызға өсім бар», – дейді аудан басшысы. Маңғыстау ауданында құрылыс қарқыны да қызу жүргізіліп келеді. Қазіргі сәтте құрылыс жұмыстарының көлемі 11 млрд. 100 мың теңгеге шыққан. Аудан көлемінде 45 мың шаршы метр тұрғын үйге беріл­ген. Бұл – 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,1 пайызға жоғары көр­сеткіш. Елді мекендер арасында жол салу, ауылішілік автокөлік жолдарын асфальт­тау жұмыстары да басты назарға алынған. «Қазіргі таңда ауданда көптеген автокөлік жолдарын асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Шетпе–Қызан көлік жолдарына 49­ 85 шақырым аралығын асфальттауға 2018 жылы 23,2 млн. теңге бөлініп игерілсе, 2019 жылы 207,1 млн. теңге бөлініп, оның 122,1 млн. теңгесі игерілді. Шебір ауыл ішілік автокөлік жол құрылысы жүргізіліп жатыр. Биылға бөлінгені 30 млн. теңге. Жалпы жобаның құны 379 млн. теңге. Тұщықұдық ауылының кіреберіс 29 шақырым жол орта­ша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шет­пе–Қызан автокөлік жолының Шетпеден шығаберіс 21 шақырым жолына 235 млн. 200 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Шарт сомасы 333 млн. 400 мың теңге. Қызан–Ақшымырау автокөлік жолын орташа жөндеу жұмысына да биыл 193 млн. теңге қаржы бөлініп, жұ­мыстар басталып кетті. Жыңғылды, Шайыр, Шерқала, автокөлік жолын қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Жол­дың ұзындығы – 29,5 шақырым. Жоба құны 2 млрд. 700 мың теңгені құрайды. Бұл жұмыстар келесі жылы аяқталуы тиіс», – дейді Тілек Жеткізгенұлы. Білім беру саласы бойынша ауданда алға басу байқалады. Ауданда білім мекемелері 1712 баланы қамтиды. 26 мектепке дейін­гі балалар ұйымы, 22 жалпы білім беретін мектеп, 1 кәсіби техникалық колледж бар. Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге мек­теп бітірушілердің 96,8 пайызы, яғни 446 түлектің 432­-сі қатысты. Орташа ұпай – 85,8 балл. Биылғы жылдың өзінде 2 жеке­меншік балабақша ашылып, балабақшамен қамту көрсеткіші 100 пайызды көрсеткен. «Ауданда үш ауысыммен оқитын мек­теп жоқ. Дегенмен аудан халқының саны артуына байланысты 3 маусымға толы­сып кету қаупі бар. Алдағы уақытта 600 орындық 1 мектеп, 120 орындық орта­лау мектеп салу қажеттігі туындап отыр. Қазіргі таңда қаражат бөлініп, жоба жасақталу үстінде», – дейді Маңғыстау ауданының әкімі. 2019 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 96 маманға 16 млн. 900 мың теңге қаражат, яғни 70 АЕК бір жолғы көмек көрсетіліпті. Сонымен қатар 61 маманға тұрғын үй сатып алуға 231 млн. теңге бюджеттік несие берілген. Қазір де түсіп жатқан ұсыныстар аз емес, сол себепті аудан әкімдігі тағы 50 адамға есептеп, облысқа ұсыныс жіберген. «Денсаулық сақтау саласы бойынша айтар болсақ, ауданда 22 мемлекеттік медициналық мекеме халыққа қызмет көр­сетеді. Оның ішінде орталық аудандық аурухана, орталық емхана, 8 медициналық бөлімше, туберкулезге қарсы санаторий бар. Аудан аумағында 92 дәрігер, 283 мед­бике бар. 2019 жылы ана өлімі тіркелген жоқ. Жалпы аудандық орталық аурухана медициналық құрал-­жабдықтармен 80 пайызға қамтылған. Сәби өлімі деңгейі өткен жылмен салыстырғанда біршама азайған. Яғни былтыр 7 сәби шетінесе, биыл 2 сәби шетінеді. Туберкулезбен ауы­ратындар саны қаңтар–тамыз айларында 100 мың адамға шаққанда 25/9 құрады, яғни жаңадан туберкулезбен ауыратын 9 адам анықталып отыр. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойын­ша 2019 жылдың қаңтар–тамыз айларын­ да 497 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 46,8 млн. теңге бөлінді. 71 отбасы табысын жасырғаны үшін қаржыны кері қайтаруы тиіс. Қазір осыған қатысты арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр», – деді Т.Көшмағанбетов. Сонымен бірге 2019 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында ауданда 1704 жұмыс орны ашылған. Осы жылдың 1 қыркүйегінде 703 жұмыссыз адам тіркеуде тұр. Жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайызды құрайды. Қазіргі таңда көмекке мұқтаж адамдарға мүмкіндігінше әлеуметтік кө­мектер көрсетіліп келеді. Ауданда осы ба­ғытқа 2019 жылға 218 млн. теңге қаржы қарастырылған екен. «Баршаңызға мәлім, қазан айында мем­лекет және қоғам қайраткері, әлемге әйгілі жазушы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойын тойлау жоспарланып отыр. Осы мерейтойға дайындық жұмыстары да қызу жүргізілуде. Жазушының туған жері Онды ауылында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына тоқтала кетсек. Онды ауы­лының кіреберісіндегі 8 шақырым жолға 138 млн. теңге бөлініп, жұмыс басталып кетті. Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мек­тепке 27 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте білім ошағының жылу қазандықтарын жаңарту, автокө­лік тұрағын салу, кеспетас төсеніштері төселетін болады. Әбіш Кекілбайұлының анасына арналған мемориалды кешенінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6 млн. 200 мың теңге қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Құлыншақ» балабақшасының жөндеу жұмыстары 9 млн. 200 мың тең­геге жүргізілді. Ә.Кекілбайұлы атындағы парктің    жөндеу жұмыстары бойынша 500 шақырым аумаққа кеспетас төселіп, су құбырлары тартылып, қоршаулары ауыстырылған. Ашық спорт алаңында 6 млн. 800 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Онды ауылдық мешітінің құрылысы да аяқталуға жақын. Ішкі жұ­мыстары, есік­-терезелері салынып, аулаға кеспетас төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Әкімшілік ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстары 3 млн. теңгеге жүргізді. Оңды ауылының кіреберісіндегі 50 тұрғын үй мен 8 сауда нүктелері иелерімен кездесіп, тұрғын үйлер мен сауда нысандарының сыртын, шарбақтарын әрлеу туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі кезде 40 тұрғын үй иесі, 6 кәсіпкер нысандарды әрлеп жатыр», – деді аудан әкімі. Тілек Көшмағанбетов Маңғыстау ауданында өтетін мерейтойға бай­ланысты мерекелік бағдарлама жо­басы жасақталғанын жеткізді. Мерейтойға дейін жазушының туған ауылы Ондыдағы жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтап, құрылысы басталған нысандардың ашы­луы көзделген. «Аудан орталығында киіз үйлер тігіледі, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, Әбіш ағамыз бен Фариза апамыздың шығармашылығына арналған республикалық деңгейде «Сөз бен саз» бағдарламасын ұйымдастыру жоспарда бар. Бұдан бөлек мерейтой аясында көп­теген шаралар облыс орталығы, қала, аудан деңгейінде өткізілетін болады»,– деп сөзін түйіндеді Т.Көшмағанбетов. Онды ауылының бүгінгі әлеуметтік ахуа­лы мен мерейтойға дайындық барысы ту­ралы өңір әкімі Балтабек Балапан баяндап берді. «Онды ауылында 1300-­ден аса тұр­ғын, 2 мектеп бар. Оның біріне Әбіш Ке­кілбаевтың аты берілген. 2018 жылдың 30 тамыз күні Ә.Кекілбайұлы есімі Онды орта мектебіне берілді. Қайраткердің 80 жылдық мерейтойы аясында осы мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп, білім ордасы қайта жаңарды. Мектеп алаңына жазушы бюс­ті бой көтеруде. Ауылда 8 шақырым жол төселіп жатыр, қазіргі таңда 3 шақырымы төселді, қалғаны атаулы датаға дейін толық аяқталмақ. Ауылға кіреберістегі Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәулеге берілген ескірткіш жөндеуден өтіп, айна­ласы түгел жаңарып, кеспетастар төселіп, жақсы бір кейіпке келіп қалды. Ерекше атап кетер тағы бір жаңалық – ауылы­мызда сәуір айында жаңа мешіт құрылысы қолға алынып, іргетасы қаланған еді. 100 адамға шақталған мешіт мерейтойға дейін аяқталады. Құлшылық үйі құрылысының салынуына атсалысқан меценаттарға, жүрегі кең кәсіпкер азаматтарға халықтың айтар алғысы шексіз», – дейді ауыл әкімі Балтабек Балапан. Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлына арналған осынау мерейтойда Маңғыстау ауданының орталығы – Шетпе ауылында 30-­ға жуық киіз үй тігіледі. Шараға 3­-4 мың адам қатысады деп жоспарланған. 12 қазан күні аламан бәйге, дүбірлі жарыс, үлкен концерттік бағдарламалар осы мерейтой аясында өтеді.

    Жайық НАҒЫМАШ

    1332
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтауда жол талғамайтын көліктің қатысуымен оқыс оқиға орын алды

    Келесі жаңалық

    Мектептерде магистр дәрежесі бар ұстаздарға қосымша ақы төленеді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2684

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2656

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4421

      Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығы еріктілерді іздейді

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 09:23
      2466

      2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қосылады

      [ 2019 ] 3 желтоқсан, 10:32
      1963

      Ел шебін күзету-ерекше міндет (ФОТО)

      [ 2017 ] 21 шілде, 06:02
      3126

      Рубрикалар

        МәселеРедакция туралыЖастар бетіАНТИКОРЖарнамаБейнеуАшық қоғамӘдебиетАудан тынысыМәдениет

      Автордың басқа да жазбалары

      Еңбек иелері құрметке бөленді

      [ 2019 ] 19 қараша, 05:38
      2035

      Волонтерлік – елге ерікті қызмет

      [ 2019 ] 14 қараша, 06:12
      4634

      «Университет – ой-пікірлер аймағы» атты халықаралық форум өтті

      [ 2019 ] 12 қараша, 09:16
      1827

      Энергетиктер жемқорлық күдігімен ұсталды

      [ 2019 ] 5 қараша, 05:52
      1584

      Маңғыстау облысының әкімі Хорватия делегациясымен кездесті

      [ 2019 ] 31 қазан, 05:54
      1441

      Қарақияның қарышты қадамы

      [ 2019 ] 28 қазан, 05:38
      1909

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»