Жол талғамайтын көліктің қатысуымен болған оқиға бүгін, 18 қыркүйекте 6 шағын аудандағы "Маңғыстаумұнайгаз" ғимаратының аумағында болды,- деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Сыртқы бақылау камераларынан бейне кадрларында Toyota көлігі бұрылады, содан кейін кеспетас (брусчатка) кенеттен опырылып кетеді. Оқиға канализациялық ақау салдарынан орын алған. "Автокөлік құлаған жерде кәріз люгі бар. Бұл жерде жарылыс болған. Сол уақытта көлік оған түсіп, құлап кетті", - деп хабарлады ведомстводан. Маңғыстау облысы бойынша полиция Департаментінің мәліметінше жол талғамайтын көлік жүргізушісі "Маңғыстаумұнайгаз" қызметкері болып шықты.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
[embed]https://www.instagram.com/p/B2jO-SBg8w1/?igshid=118ihcqglz92i[/embed]