ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп жүзеге асырған Жастар корпусын дамыту жобасы аясында "Жанарым менің жүрегім-жетелейтін ілгері!", "Зағиптың да жарығы бар!" деп аталатын жобаларын ұсынып грантқа ие болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Аталған жобамен Брайль жүйесі бойынша 60 адамды оқыту және шашка, шахматты 90 адамға үйрету жоспарланған. Ал бұл игі бастама 6 айға жалғасады. Мүмкіндігі шектеулі зағиптарға шашка, шахмат ойындарын үйрету және Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуды үйрету жобаның негізгі мақсаты. Жобаға Мұнайлы ауданының тұрғындары Асқар Досмұхаммед пен Қарлығаш Қалдыбай жетекшілік етеді. "Мақсатымызды жүзеге асыру арқылы зағип жандарды саламатты өмір салтына, қоғамда назардан тыс қалмауға, өмірге деген құштарлықтарын арттыруға көптеген үлесін тигізеді деген үміттеміз. Тегін оқып білім аламын деушілер, зағиптар қоғамына тіркеле алады, - дейді жоба жетекшілері. Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Сурет жоба жетекшілерінен