Маңғыстау облысының прокуратурасында бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңдегі міндеттер айқындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап. Есептік кезеңде прокурорлармен 158 мың азаматтың құқықтары қорғалып, мемлекет пайдасына 3 млрд. теңге өндіріліп, 2,5 млрд. теңгені құрайтын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылған. Прокурорлық қадағалау актілерімен 3,5 мың жұмысшының 407 млн. теңге жалақы бойынша берешегі өтелді. "Цифрландыру бағдарламасы аясында электрондық форматта 756 қылмыстық іс тергелген, ол жалпы тіркелген істердің 31,5% құрайды. Прокурорлармен заңсыз ұсталған 9 тұлға қызметтік жайлар мен изоляторлардан босатылды", - деп мәлімдеді МО прокуратурасы. Уәкілетті органдармен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, облыстың қылмыстық-атқару мекемелеріндежазаларын өтеп жатқан 505 тұлға жұмыспен қамтамасыз етілді. Құқық қорғау қызметтері орталығында прокурорлар 650 азаматты қабылдап, оларға тиісті құқықтық көмек көрсетілген. Алқа қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы прокуратурасының басшылығымен бірқатар тапсырмалар берілді.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ