©
29 мамыр күні 12 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған еді. Оқиға Қарақия ауданы Жетібай ауылындағы мектеп ауласында болды. Осы жайтқа байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409 бабы бойынша іс толтырылды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. "Осы бапқа сәйкес ҚР-ның білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауап көзделген. Сондай-ақ аудандық әкімдік пен білім бөліміне мектеп директорына қатысты ұсыным жіберілді", - дейді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, дәрігерлер балаға бас сүйегі және сол жақ сүйегінің желілік сынуы, травматикалық шок диагнозын қойған. Сөйтіп бас сүйегін қалпына келтіріп, қанды ісіктерді алу үшін ота жасаған болатын. Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметкерінің айтуынша, қазір бала есін жиды, өзі тамақтанады.Жұлдызай ҚАЛИЕВА