Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып Нұрлан Әлжанов тағайындалды. Жаңа орынбасарын ұжымға департаменттің басшысы Данияр Жаналинов таныстырды.
Әлжанов Нұрлан Сағынайұлы 1968 жылғы 24 маусымда Ақтөбе облысы Новороссийк ауданы Сусановка ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1990 жылғы маусымнан Ақтөбе қаласының «Сервис» кіші кәсіпорын құрылыс бөлігінің басшысы қызметінен бастады.
Кеден органдарындағы қызметін 1993 жылғы сәуірден Ақтөбе облысы бойынша Кеден басқармасында инспектор болып бастап, 2001 жылғы мамырға дейін бас инспектор болып қызмет атқарды.
2001-2007 жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасының бөлім бастығы, кеден бекетінің бастығы болып қызмет атқарды. 2007-2009 жылдар аралығында Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Алатау-Кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің басшылық қызметін атқарды. 2011 жылғы маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. 2012 жылғы сәуірде Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды. 2014 жылғы қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып қызмет еткен.