Бүгін Мұнайлы ауданындағы №8 жалпы орта мектепте білім беру ұйымдары қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясындағы "Қосымша білім беру: кеше, бүгін және ертең" аула клубтарының жүрмелі секциясы өтті.
Секция жұмысына облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева, оқу - әдістемелік және қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Жиде Жеткізген және аудандық білім бөлімі басшысы Есен Овезов, оқушылар орталығының директоры Жауынбек Жолдасбаев, "Азаматтық бастама" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Райхан Дәрібаева, аймақтағы өзге аудандар мен қалалардың аула клубтары мен білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Аталған жиын ауданда алғаш рет және өзге басқосулардан өзгеше үлгіде ұйымдастырылды. Онда аудандағы аула клубтарына қатысты біраз мәселе талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Бұл туралы кейініректағы да кеңірек тоқталатын боламыз.
Шахида ЖҰМАН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="7930,7919"]