Қостанай қаласында қазақ күресінен 1999-2001 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыста маңғыстаулық спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль иеленді. Оған барлық өңірден 400-ден астам палуан қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Чемпионатта ұлдар арасында сынға түскен 66 келі салмақта Бауыржан Жантуреев алтын медальді жеңіп алып, спорт шебері деген атағын иеленді. Ол енді Нұр-Сұлтан қаласында күзде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. [caption id="attachment_76219" align="alignnone" width="696"] Бауыржан Жантуреев[/caption] Ал 2-ші орынды 60 келі салмақта Айбар Сайфенов еншілесе, қыздар арасында күрескен 78 келі салмақта Райгүл Қалдыбаева 3-орынға тұрақтады. «Бәсеке тартысты өтті. Маңғыстаулық спортшылардың белдесулеріне көңілім толды. Сонымен қатар аралас командалық сайыста Нұрлан Қайыпбергенов пен Бауыржан Құсайын қола медальді қанжығылады», - дейді қазақ күресінен Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысы Қайрат Бурбасов. [caption id="attachment_76220" align="alignnone" width="696"] Чемпионат[/caption]
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Суретті Қайрат Бурбасов ұсынды