Дзюдодан Ақтау қаласы әкімі кубогі жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнир өтті. Турнирге 2006-2008 жылы туған спортшылар қатысты. Жарыс командалық сайыс түрінде өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «Жарысқа 16 команда келді. Атап айтар болсам, Ақтау мен Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалаларынан, Теңге, Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылынан келген командалар сынға түсті. Сондай-ақ Мұнайлы мен Қарақия ауданынан келген командалар болды. Алдағы уақытта бұдан өзге де турнир мен жарыстарды ұйымдастырмақ ниеттеміз», - дейді Маңғыстау арена спорт кешені дзюдодан жаттықтырушы Ринат Қожанов. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="75130,75132,75127,75146"] Топтық түрде өткен сайысқа 100 спортшы қатысты. Яғни әр салмақ бойынша 1 дзюдошыдан күрес алаңына шыққан. Нәтижесінде ақтаулық "Толқын" спорт мектебінің палуандары жеңімпаз атанса, Жаңаөзеннен келген команда 2-орынды иеленді. Ал 3-орынды Ақтау қаласы мен Қызылсай ауылының командасы еншіледі. «Турнир тартысты өтті. Былтыр 2-орын алған едік. Биыл команда алға суырылып, кубокті жеңіп алды. Бұған іріктелген, шыныққан спортшылар қатысты. Жарыста 38 келіде қарсыластарына есе жібермеген Наурызбек Орынбасаров ерекше көзге түсті. Спорттық шаралардың жиі өтуі дзюдошылардың тәжірибесін арттырады деген ойдамын», - дейді «Толқын» спорт мектебінің бапкері Пернехан Төлепов.