Джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында маңғыстаулық джитсерлер 3 алтын және 1 қола жүлде иеленді. Командалық есепте облыс құрамасы 3-орынға табан тіреді. Бұл жөнінде джиу-джитсудан Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысы Болат Дүйсенбиев хабарлады.
Алматы қаласында өткен ел чемпионатында Маңғыстау облысының намысын 7 спортшы қорғады.
92+ келі салмақта Азамат Абаев, 62 келіде Әбубәкір Жәнібек пен Әлия Тілепова қоржынға алтын жүлде салды. Ал 57 келіде Нұржан Тасеменов қола қанжығалады.
Азамат Абаев бұған дейін ҚР чемпионатының бірнеше рет жүлде алған спорт шебері, Әлия Тілепова – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, ӘЧ қола жүлдегері.
«Джиу-джитсудың комбат сестем түрінен бақ сынадым. Спортшылардың барлығы өте жақсы дайындықпен келген. Бес кездесу өткізіп, Алланың қалауымен жеңіске жеттім. Әлем чемпионатына жолдама алдым», - дейді Әлем чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әбубәкір Жәнібек.
Чемпионат жеңімпаздары сәуір айында Қырғызстанда өтетін Азия чемпионатына және Панамада өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттер мен бейнежазбаны Ә.Жәнібек пен Б.Дүйсенбиев ұсынды
https://www.youtube.com/watch?v=GidMvaci1b0&feature=youtu.be