Астана қаласында Jiu-Jitsu Association Awards 2018 мерекелік іс-шарасы өтті. Оған республика аумағындағы джитсерлер мен бапкерлер, спорт саңлақтары жиылды.

Джиу-джитсу қауымдастығы ұйымдастырған шарада жыл бойы белсенділік танытқан спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталып, сый-құрметке бөленді. Оның ішінде маңғыстаулық спортшы мен бапкер «Жыл үздігі-2018» атанды.

«Үздік бапкер» аталымы биыл бірнеше шәкірті халықаралық жарыста топ жарған Болат Дүйсембиевке бұйырды. Он жылдан бері спортшыларды дайындап жүрген бапкердің шәкірттері ел қоржынына биыл да бірнеше жүлде салды.

Маңғыстаулық бапкер мен оның шәкірті республикада үздік атанды

Ал оның тәлімін алып жүрген Жәнібек Әбу-Бәкір ерлер арасында fighting бойынша жылдың үздік спортшысы атанды. Әбу-Бәкір — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Grand Slam Paris Open турнирінің күміс жүлде иегері.

Маңғыстаулық бапкер мен оның шәкірті республикада үздік атанды

Биыл Маңғыстау джиу-джитсу федерациясы үшін өте сәтті өтті. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында 15 алтын, 8 күміс, 23 қола иеленсе, Ересектер арасында 5 алтын, 2 күміс, 8 қола еншіледі. Сондай-ақ Азия Чемпионатында 3 алтын, 8 күміс, 3 қола қоржынға түсті. Әлем чемпионатында 1 күміс, 1 қола, Азия ойындарында 1 алтын қанжығалады.

Еске сала кетейік, Болат Дүйсембиевтің тағы бір шәкірті, джиу-джитсу бойынша қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы — Дархан Нортаев биыл Джакартада өткен Азия ойындарында чемпион атанды. Ол да жыл қорытындысында қауымдастықтың Алғыс хатына ие болды.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Суреттер инстаграм желісінен алынды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз