©
15-16 ақпан күндері Ақтауда «Маңғыстау арена» спорт кешенінде САМБО күресінен 2001-2003 жылы туған ұл мен қыз жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Аймақта үшінші рет ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекеге еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық палуан қатысады деп күтілуде. Чемпионат биыл өтетін Азия және Әлем чемпионаттарына іріктеу болып табылады. Жарыстан жеңімпаз атанғандар қазан айында Ташкентте өтетін Әлем чемпионатына және маусым айында Тайпейде өтетін Азия чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. Ел біріншілігінде бұл жолы облыс намысын 30-ға жуық ұл мен қыз қорғайды, олардың ішінде 20 ұл, 10 қыз бала.
Самбодан маңғыстаулықтардың жетістіктеріне тоқталар болсақ, алғаш Халықаралық аренада 2012 жылы Якутск қаласында «Азия балалары» ойындарының жеңімпазы Жұбатқан Сұңғат атанды.
Жасөспірімдер, жастар арасында Сағынғалиұлы Бауыржан 3 дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионатының жүлдегері, Сұңғат Жұбатқан Азия чемпионы, 3 дүркін әлем чемпионатының жүлдегері, жастар арасында Мамаев Рамазан Азия және Әлем чемпионы атанса, оған дейін (2018 жылға) 20 спорт шебері шыққан. Олардың ішінде Сеңғалиұлы Нұрболат, Серіков Ерлан сынды дара шапқан самбошыларымыз көп.
2018 жылы Самбодан жасөспірімдер арасында Ресей елінің Рязань қаласында өткен жарыста маңғыстаулық Нұрсұлтан Жұбатқан, Төрекен Қобланов, Дәурен Төлегенов, Абылай Қабылқақ алтыннан алқа тағып, облыс абыройын арттырды. Одан бөлек, Маңғыстаулық самбошылар жасөспірімдер арасында Бішкекте өткен халықаралық турнирде және Бакуде өткен халықаралық жарыста бірінші командалық орынды иеленді.
2018 жылы Таразда Қазақстан Республикасының чемпионатында 6 бірдей самбошымыз жүлдегер чемпион атанды.
Талдықорғанда өткен жарыста 23 жасқа дейін ересектер арасында ҚР Чемпионатында Маңғыстау облысы командасы командалық бірінші орын иеленді.
Талдықорғанда өткен ҚР чемпионатында Нұрбек Қуанышұлы, Бауыржан Нарбаев, Ақниет Тұрдан алтыннан алқа тақса, Бағдат Ерғазы күміс медальді қанағат тұтты.
Монғолияда өткен Азия чемпионатында жауынгерлік самбодан Нұркен Домбаев бірінші орынды иелініп, Бухарест қаласында өткен Әлем чемпионатының үшінші орын иегері атанды.
Соңғы 2008-2018 жылдары самбошыларымыз 10 әлем чемпионатының жүлдесін алып келсе, Азия чемпионатынан 11 медаль алып келді, соның 6 алтын, 5 қола медаль. 2018 жылғы 70 спортшы Спорт шеберіне үміткер атанса, 10 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын қорғады.
2019 жылы осы жарыстан бөлек Самбодан Ерлер мен әйелдер арасында және жауынгергерлік самбодан Ақтау кубогы (мамыр), 23 жасқа дейін ересектер арасында ҚР чемпионаты (тамыз) өткізілу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда 80 жылдық тарихы бар самбо күресінің құжаттары халықаралық Олимпиада комитетіне тапсырлып, уақытша олимпиада ойын түрлеріне енгізілді.
Маңғыстау облысы самбо күресінің қазіргі таңдағы аға бапкерлері әр жас ерекшеліктері бойынша ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушылары Жұмағалиев Берік Түсіпқалиұлы, Айбек Бисекенов, Серік Бөкенбаев, Нұржан Айдынғалиев еңбек етуде.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="72265,72262,72264,72263"]