©
7-11 ақпан күндері Тараз қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті. Маңғыстау құрамасы сайыста жалпы командалық есепте 9-орынға табан тіреді. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайтына Маңғыстау облыстық дзюдо Федерациясының аға бапкері Айбек Имашев хабарлады.
Маңғыстаудың бас жаттықтырушылары Пернехан Төлепов пен Мэлс Жүнісбаев спортшылармен бірге барып, жаттығуларын пысықтау жұмыстарына қатысқан.
55 келіде өнер көрсеткен Мерей Мархамбаев пен 73 келіде Рысбек Базарбай үшінші орын еншіледі. Ал 60 келі салмақта Марлен Әділ, 66 келіде Бексұлтан Қартбай, 90 келіде Мұқтархан Бисенов күміс қанжығалады.
Қыздар арасында 57 келі салмақта сынға түскен Маржан Қаналиева да күміс жүлдеге ие болды.
Спортшылар жарысқа қатысуға қолдау білдірген МО дене шынықтыру және спорт басқармасына, МО Дзюдо Федерациясына алғысын білдіреді.
Суреттерді А.Имашев ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="72144,72142,72141,72140"]