©
Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжановтың облыс тұрғындары алдындағы қорытынды есеп беру кездесуінің уақыты 2019 жылдың 20 ақпан күні сағат 15.00-ден сағат 10.00-ге ауыстырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігіне сілтеме жасап."ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, жоспарланған Маңғыстау облысының әкімі Е.Л. Тоғжановтың облыс тұрғындары алдындағы қорытынды есеп беру кездесуінің уақыты 2019 жылдың 20 ақпан күні сағат 15.00-ден сағат 10.00-ге ауыстырылатындығы хабарланады", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Айта кетелік, есеп беру кездесуі Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өтеді. Бұған дейін сайтымызда өңір жұртшылығының Е.Тоғжановқа сұрақ қоя алатынын хабарлаған едік. Тұрғындар өз сұрақтарын, ұсыныстары мен ескертпелерін аудан, қалаларда орнатылған жәшіктерге қалдыра алады. Сондай-ақ сұрақтарды есеп беру кездесуінде әкімге тікелей қоюға немесе mangystau.gov.kz сайтына, esep2019@mangystau.gov.kz электрондық поштасына жолдауға болады.