Сұхбат беру кезінде журналистерге "жынымды келтірмеңіздерші" деген ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин журналистерден кешірім сұрады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. "Журналистерге қатты сөйлегенім үшін өкінемін. Сөйлеу мәнерімнің шектеп шығып кеткенін мойындап, журналистерден ресми түрде кешірім сұраймын. Сол сұхбатта айтқанымдай, журналистерді қызықтырған барлық сұраққа жауап беруге дайынмын", - делінген ҰЭМ баспасөз қызметі таратқан вице-министрдің сөзінде. Айта кетелік, бұған дейін "Жас алаш" сайты Ұлттық экономика вице-министрінің тарифтер жайлы қойған журналистерге сұхбат беруден бас тартып, «жынымды келтірмеңізші» деп жауап қатқанын хабарлады. https://www.instagram.com/p/Bt0uloLACdy/ «Жынымды келтірмеңізші. Бұл басқа шара ғой. Не болды? Кеше парламентте айттым тарифтер туралы. Ондай болса өздеріңіз тұра беріңіздер. Шара шағын және орта бизнес жайлы. Ал сіздер тариф жайлы сұрайсыздар. Маған келіңіз, мен сізге тариф туралы айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші», - деген еді Серік Жұманғарин.