Қостанай қаласында ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. 21-28 аралығында өткен ел чемпионатында жаңаөзендік Айдос Ислам қол жүлде еншіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Сайысқа еліміздің барлық өңірінен 265 спортшы қатысты. 96 келіде сынға түскен Айдос жұлқа көтеруде 64, серпе көтеруде 80, барлығы 144 келіні бағындырды. Оны додаға дайындаған бапкерлері Әділмағамбет, Тимур Жаңбыровтар. «Жарыс спорттың күштік түрлері академиясында өте жоғары деңгейде өтті. Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектебінің спорт залында 50-60 бала жаттығады. Республика чемпионатына 5 спортшыны апардық. Ислам Айдос қола жүлдеге ие болды. Ол қазір осы мектептің 10 «б» сыныбында оқиды. Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Қарабалаевқа, Жаңаөзен қаласы спорт бөлімінің басшысы М.Алиевке және №2 БЖСМ директоры Б.Аxметовке алғыс білдіреміз», - дейді жаттықтырушы Тимур Жаңбыров. Айта кетейік, Айдос Ислам 2018 жылы желтоқсан айында Үштөбе қаласында өткен Республикалақ турнирдін күміс жүлдегері, Жаңаөзен қаласының, Маңғыстау облысының чемпионы.
Суреттер Т.Жаңбыровтан алынды