©
2018 жылы Маңғыстау облысы бойынша 794 034 Мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 774 059-і салық саласына тиесілі. Электрондық қызметтердің үлес салмағы 90,5% болған. Сонымен қатар "Е-лицензиялау" порталы арқылы электронды түрде – 387 қызмет көрсетілген. «Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін мынадай жобалар іске асырылды: "электрондық үкімет" порталы арқылы онлайн салықтарды төлеу, "еGov.kz" арқылы салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдердің 18 түрін төлеу мүмкіндігі бар және аумақтық принцип бойынша Мемлекеттік қызметтерді алу. Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін оңтайландыру және оңайлату мақсатында 2018 жылдың 1 қазанынан бастап қызмет алушыны тіркеу есебіне кез келген мемлекеттік кірістер органында тіркеусіз алу мүмкіндігі пайда болды», - деді Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Данияр Еренғалиұлы. Сонымен қатар 2018 жылдың желтоқсанынан бастап жеке тұлғалар мүлік, жер және көлік салығы бойынша өзекті сұрақтарға жауап ала алады (есептеу, төлеу, берешек және т.б.). Сұрақтарды жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін 8 775 356 2316 нөміріне жіберуге болады. «Айта кетейік, "Деклорация-2020-ның" тиісті бағдарламасы болады. Кімдер тапсырады, кімдер одан босатылады, қандай табыстар көрсетілуі керек деген ақпараттар тұрғындарға жеткізіледы. Биыл бұл жұмыстар атқарылады. Ең бастысы өткізген деклорациясында өз мүлігін және кімге қарыз екенін, кімге қарыз бергенін көрсетуі керек. Ол ақша ертеңіне енбей қалып, келесі деклорацияда көрсетілсе, салық төлеушіге сұрақтар пайда болады. Берешектері, салығы мен қарызын толық көрсетсе, келесі деклорациясы жеңілдейді", - дегенді айтты басшы. Бұдан бөлек kgd.gov.kz сайтына ЖСН бойынша мәліметтерді енгізу арқылы азаматтар берешегінің болуы-болмауы туралы мәліметтерді қарай алады дейді мамандар. Халықтан салықтық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік кірістер органдарында тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру және БКМ қолдану тәртібін бұзу туралы ақпарат алу үшін 8(7292) 40-36-59 сенім телефонына хабарласа алады.