Ауа райының күрт өзгеріп, көктайғақ орын алуына байланысты кала әкімдігінің тапсырмасымен дереу шара қабылданған. Көшелерге тұз, құм себу жұмыстары таңғы 7:00-ден басталған. Қазір көшелерде 3 бірлік МАЗ-пескотресс, 2 бірлік трактор-прицеп жұмыс жасауда. Бұл жөнінде Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Алдымен аса қауіпті мініп-түсер жолдарға құм мен тұз шашылды. Олар 10 ш/а "Қашаған" ескерткіш маңы, 14 және 15 ш/а аралығы, 9 және 14 ш/а аралығы, Асар-С базар маңы, Ақбота саябағы маңы , 15 ш/а Самал, 11 ш/а "а" "Жігер" СО, 22 ш/а Масат базар айналма жол (круговой), 17 ш/а-33 ш/а "Дина" гипермаркеті, Шығыс-2 "Вираж" автосалон маңы. Алдағы уақытта кесте бойынша жұмыстар жалғасады», - делінген хабарламада.
Қалаға жалпы көлемі 29 тонна тұз, 30 тонна құм/тұз себілген. Таңертеңгі уақытта көктайғақтың салдарынан қоғамдық көліктер уақытысынан кешігіп жүргенімен, қазір қозғалыс қалпына келтірілгенін айтады әкімдік.
Ал Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін балалар ауруханасына ешқандай науқас түспеген. Ал қабылдау бөлімшесіне таңғы сағат 8-ден бері 24 адам түрлі жарақатпен жеткізілген. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылған.
«Күн райы түнде -3 градусқа дейін төмендесе, қазір -2 градусты көрсетіп тұр. Мұз күндіз ериді. Түнде аздаған жауын-шашын күтіледі, көктайғақ қайталануы мүмкін. Түнде -2, -4 градусқа дейін аяз болып, күндіз +1, +3-ке дейін жылынады», - дейді «Қазгидромет».
Синоптиктер мұз қату ертеңге дейін жалғасып, артынша ауа райы қолайлы болатынын жеткізді.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Бейнежазба мен суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
Суреттер МО Денсаулық сақтау басқармасы мен қала әкімдігінен алынды
https://www.youtube.com/watch?v=8aSgyTdMGuU&t=0s&list=PLGSGM9pf1rYmfVhHHraeHDM2aC_oYll6k&index=2 [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="68030,68031,68032,68033"]