«Seventeen» тобының Танджунг-Лесунг қаласындағы концерті кезінде аяқ асты цунами болған. Сахнада тұрған танымал топты су шайып кеткен. Jakarta Post мәліметінше, қазір топтың 4 мүшесі іздестіріліп жатыр, екеуі қаза болған.
Цунами сенбі күні 21:27-де Индонезияның батысындағы Зонд бұғазынан көтерілген. 168 адам қаза болып, 745 тұрғын жараланған. Ал 30 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Қазір зардап шеккендерді эвакуациялау жүргізіліп жатыр.
Бұл жағдайдан соң ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Қаза болғандардың туған-туысқандарына және бүкіл Индонезия халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - делінген жеделхатта.