©
«Бірыңғай Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ мәлімдеуінше, Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығының ұлғайып келе жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
2017 жылғы мәліметтерге сүйенсек, орташа өмір сүру жасы - 73 жас. Ерлер орта есеппен 69 жыл, ал әйелдер 77 жыл өмір сүреді.
БЖЗҚ шетелдік сарапшылардың көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Соның нәтижесінде 2017 жылы қазақстандық ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 81-ге жетсе, әйелдер 82,2 жасқа жеткен. Яғни, зейнетке шыққан соң 18 жыл өмір сүреді.
Демографиялық қартаю шкаласына сәйкес, елде 60 жастағы әрі одан үлкен жастағы адамдардың үлес салмағы 12% болған жағдайда ғана халықтың демографиялық қартаюы тіркеледі. Қазақстанда қазір бұл көрсеткіш 11,3% болып отыр.