Аудан жастары осындай ұранмен халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайұйымдастырылған акцияға қатысты. Денсаулықты насихаттаушы шара аудандық жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен өтті.
Адам ағзасына білінер білінбес болып еніп, санасын жаулайтын қатерлі дертке қарсы наразылық акциясына аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары атсалысты.
Олар өскелең ұрпақты зиянды қылықтардан аулақ болуға үндеу мақсатымен қоғамдық орындарда темекі қолданған азаматтарға жеміс-жидектер ұсынды. Никотиннің адам өміріне келтірер зияны туралы түсіндіріп, жастардың үнін жолдады.