Салауатты өмір салтын насихаттаған "Денсаулық фестивалі" 15 шағынаудандағы теңіз жағалауында өтті. Сенбінің таңында жағалауда жаттығу жасауға 250 тұрғын жиналды. Ақтау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оларға фитнес жаттықтырушылар дене шынықтыруға арналған бағдарлама әзірлеген. Сол бойынша жиналған қауым кәсіпқой спортшылардың жетекшілігімен кешенді жаттығу орындады.
Сергіту жаттығуымен басталған фестиваль аясында меициналық қалашық ұйымдастырылды. Онда кардиолог, онколог, психолог, терапевт және дұрыс тамақтану саласы мамандары болды. Фестиваль қатысушылары мамандардан тегін кеңес алып, медициналық тексерістен өтті.
Суреттер Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="64494,64498,64497,64496"]