©
2018 жылдың 23 мен 28 қазан аралығында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері дабыл бойынша -14 рет шыққан. Оның ішінде 3 өрт жағдайы, 9 рет жану жағдайы, 1 рет авариялық-құтқару жұмыстары және 1 рет жалған ақпарат келіп түскен. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайтына Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің хабарлауынша, 26 қазан күні сағ. 16:19-да Ақтау қаласы 12 ш/а, 59 уйдің артында тас жолында жүріп келе жатқан, 2003 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі: KZ 547 LSA 12 «MERСEDES A160» маркалы автокөлік толықтай жанып кеткен. Оның себебі мен залалдарын кезекші тергеушілер анықтап жатыр.
27 қазан күні сағ. түскі 14:30-да Жаңаөзен қаласы Ақсу шағынауданында, 9 А көшесі 1 үйдің ауласында өрт оқиғасы тіркелген. 1 қабаттан тұратын таспен қаланған, төбесі профнастильмен жабылған 3 бөлмелі сарайдың кіре берісінде тұрған гидроскутерден өрты шығып, жанындағы көрпе-төсек және жиһаз жанып кеткен. Ал қалған 2 бөлмесі ысталған. Жалпы көлемі 60 шаршы метрлі сарайдың 4 шаршы метр жанып кеткен. Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ облыстық төтеше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 28 қазан күні сағ. кешкі 18:19-да Шевченко қаласы Сыздықов көшесі,№3 үйдің ауласында бөлек орналасқан, 1 қабатты тастан қаланған, төбесі ағашпен жабылған, шифер жабынымен қапталған 3 бөлмелі моншаның 1 бөлмесі толығымен жанып кеткен. Моншаның жалпы көлемі 12 шаршы метрді құраса, оның 6 шаршы метрі жанып кеткен. Бұл өртте ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда өрттің не себептен болғандығы анықталып жатыр.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
Басты сурет сайттың архивінен