Ақтауда «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде КСРО-ның спорт шебері атанған тұңғыш қазақстандық, Қазақ боксының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы ХI-ші халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Былғары қолғап шеберлерінің бәйгесінде еліміздің әр аймағынан келген облыстық командалар, сондай-ақ алыс-жақын шет мемлекеттерінен Армения, Әзірбайжан, Германия, Израиль, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан, Польша, Ресей, Сирия және Тәжікстан Республикасынан келген командалар бақ сынайды.
Жиында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов барлық қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жарыстың ашылу салтанатымен құттықтады.
Естеріңізге сала кетейік, халықаралық жарыс 4 мен 7 қазан аралығында өтеді. Болатын жері - 33 шағынаудан, «Маңғыстау Арена» спорт кешені. Келіп жерлестерімізге жанкүйер бола аласыздар.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Серік Майемеров
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="62804,62805,62806"]