Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауы басталды.
Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналады.
Жиынға ҚР Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, ҚР Үкімет мүшелері, ҚР Жоғарғы Соты, Конституциялық Кеңесі және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары, ірі қоғамдық ұйымдар жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысуда, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Мемлекет басшысы ең төменгі жалақының мөлшері 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі.
«Ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі - Қазақстанда 275 мың азаматтық қызметкердің табысын орташа есеппен 35 пайызға көтереді», - деді Елбасы.
Сондай-ақ Президент шағын және орта бизнеске салық амнистиясын жүргізуді тапсырды. Ол бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қалыптасқан айыппұлдар мен салық борыштары бойынша өсімдер жойылады.
«2019 жылғы жұмыстарға арналған Жолдауды бүгін жариялаймын. Біз тәуелсіздік жылдарында сіздермен бірге көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан замануи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік, бұл - үлкен байлығымыз сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық конституциялық және саяси реформалар жүргіздік», - деді Елбасы.