©
Маңғыстаулық сарбазға алдын ала қойылған «Менингококк инфекциясы, жалпы түрі» диагнозы расталмады, - деп хабарлады informburo.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің деректері бойынша, науқастың зертханалық диагностикаға жіберілген талдауларынан менингококк инфекциясы табылмады», - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гаухар Бисарина.
Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйек күні сағат 17.00-де №6656 әскери бөлімінің 21 жастағы жасөспірім ауыр жағдайда Маңғыстау облысының ауруханасына жеткізілген болатын. Ол әскери бөлімнің медициналық қызметіне 27 қыркүйек күні барғанымен, ауруханаға тек үшін күннен кейін жатқызылған. Қазіргі уақытта науқас Маңғыстау облыстық аурухананың жұқпалы аурулар орталығының жансақтау бөлімінде. Әскери қызметкер жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Көрнекі сурет сайттың архивінен