Ата дінімізді, Алланың хақ жолын таңдаған жастарды адастырып, теріс ағымға қарай жетелейтін небір құйтұрқы әрекеттер бар. Тілі тартымды, сөзге шебер насихатшылардың құрығына түсіп кеткенін білмей қалып, опық жеген қыз-жігіттер де аз емес. Күні кеше қаннен-қаперсіз ойнақтап жүрген балалардың өкінішке тап болып жатуының себебі ислам дінінен бейхабарлығында жатыр. Көпшілігінің ата-анасы өз баласының жат ағымға ауып кетпесіне сенімді болғандықтан не өздері, не балалары шариғаттан сауат ашып, исламның негізін үйренуді ойламайтыны жасырын емес.
Таяуда Ақтау қалалық «Бауырлас жауынгерлер» қоғамдық бірлесітігінің төрағасы Матжан Шаулиев Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылармен жеке және алдын-алу жұмыстарын жүргізу» тақырыбында жастармен семинар-тренинг ұйымдастырды. Шараны теолог мамандар Саид Абдулхамидов пен Балта Төтенов өткізді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қазақстан кубогының жүлдегерлеріДін мамандары семинарға қатысқан жастарға қазақ халқы ежелден ұстанып келе жатқан дәстүрлі, яғни, имам ағзам Әбу Ханифа мазһабы мен өзге ағымдардың айырмашылығы, жат ағымдардан келетін қауіп-қатер жайында әңгімеледі. Сондай-ақ олар Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мақұлдаған кітаптар мен уағыздар және уағызшылар туралы мағлұматтар жеткізіп, тыңдауға болмайтын уағызшыларды қаперге берді.
Арнайы дайындалған бейнекөрсетілім арқылы да жастар көп нәрсенің анығына көз жеткізгендей болды. Олар тақырыпқа байланыс сауалдарына жауап алып, өз ойларын ашық айтты. Жастар деструктивті ұйымдардан, теріс ағымдардан сақтану жолдарын қарастырып, қызықты пікір алмасу болды.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="60593,60591,60592"]