Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жағажай волейболынан ел чемпионаты қорытындыланды. Сайысқа барлығы 7 команда қатысты. Бұл жөнінде халықаралық дәрежедегі төреші, Маңғыстау облыстық мүгедектер клубының басшысы Құлышев Нұралы мәлімдеді.
Финалға Түркістан облысы мен Ақтау қаласы командалары шықты. Олар осымен ақтық сында 7-рет кездесіп отыр және бұл жолы да ақтаулық команда жеңіске жетті.
Жаңаөзен және Қызылорда құрамалары үшінші орын үшін бақ сынап, Қызылорда командасы басым түсті. Сонымен, Ақтау – 1 орын, Түркістан облысы – 2, Қызылорда қаласы – 3 орынға ие болды.
Ал мемлекет қайраткері, генерал-лейтенант Амангелді Шардарбаевқа арналған жағажай волейболынан өткен халықаралық турнирде 8 команда бақ сынады. Жартылай финалға Омск, Латвия, Қызылорда және Жаңаөзен құрамалары шықты. Нәтижесінде, Жаңаөзен – 1, Қызылорда – 2, Латвия – 3 орын қанжығалады.
Жеңімпаздар алғыс хатпен, медаль және кобоктармен марапатталды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттер Нұралы Құлышевтан алынды