©
- Сәлеметсіз бе, Нұрсұлу ханым. Баланың 1 жасқа дейінгі күтіміне байланысты берілетін әлеуметтік төлемді алу үшін қандай құжаттар дайындау қажет және оны қай мекемеге тапсыру керек?
- Бала күтімінде отырған азаматшалар 1 жылға дейін мемлекет тарапынан әлеуметтік төлем ала алады. Бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау үшін мынадай құжаттар дайындауы тиіс:
Төлемге өтінішті тұрғылықты мекен-жайы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе e.gov.kz. электронды үкімет порталында беруге болады.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері ай сайын түсетін әлеуметтік аударымның сомасына және нақты адамның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне тікелей байланысты. Жұмыс беруші әрбір қызметкері үшін сақтандыру қорына ай сайын белгілі бір мөлшерде қаржы аударып отырады. Оның көрсеткіші 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының 3,5 % бөлігін құрайды. Әлеуметтік аударымдар жұмыскердің еңбекақысынан ұсталмайды, 3,5 %-ды жұмыс беруші өз есебінен төлейді.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды уақытылы және толық төлеудің маңызы зор. Сондықтан әр тұлға өзі үшін төленген әлеуметтік аударымдарды тұрақты бақылап отыруы және жұмыс берушіден аударымдардың уақытылы және толық төленуін талап етуі қажет.
- Әлеуметтік төлемнің есептелуі және тағайындалуы туралы кеңінен айта кетсеңіз.
- Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем екi және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке тағайындалады.
Әлеуметтік төлемді тағайындау үшін бала туылған айдан алдыңғы 24 ай айлық мөлшері алынады, мысалы бала 2018 жылдың ақпан айында туылса, 2018 жылдың қантар айын қоса алғанда 24 ай кері есепке алынады. Орташа айлық табысы 100 000 теңге болса, одан 10 % (зейнетақы қорына аударылады) алып тастаймыз.
90 000 *24=2 160 000 / 24 = 90 000*40%=36 000 теңге төлемақының мөлшері.
Республикалық бюджет туралы заңда ең төмен жалақының он еселенген мөлшері белгіленген. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері соның қырық пайызынан аспауы тиіс (28284*10=282840* 40%=113 136), ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс. Мысалы, 25 000 теңге жалақы алатын адамның әлеуметтік төлемі төмендегідей болады:
25 000*24=600 000/24=25 000*40%=10 000;
Бірақ ол кісіге 13 853 теңге мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне жеткізіледі.
- Бала күтіміне ер азаматтардың шығуы қалай жүзеге асады?
- Жұмыс беруші баланың анасына немесе әкесіне (ата-анасының таңдауы бойынша) бала үш жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс беруге міндетті. Бұл норма Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 100-бабында бекітілген. Яғни, ер азамттар да бала күтіміне байланысты демалыс ала алады.
- Әлеуметтік төлем алуға өтініш қай кезде бере алады?
- Баланың туу туралы куәлігі дайын болған соң, сол арқылы жүгіне алады. Куәлікте көрсетілген баланың туған күнінен бастап келесі жылғы сол мерзімге дейінгі аралықта төленеді.
- Бұл айтқандарыңыз қызметтегі ата-аналарға қатысты. Ал жұмыс істемейтін ата-аналарға 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланыста жәрдемақы қалай тағайындалады?
- Ол ата-аналар да баласы 1 жасқа толғанша мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы. Оның нақты мөлшері белгіленген. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап бірінші балаға – 13 853 теңге, екінші балаға – 16 379 теңге, үшінші балаға – 18 880 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға – 21 405 теңге болып белгіленді.
- Тұрғындар сіздерге келіп сұрақтарын қойып, кеңес ала ала ма?
- Әрине. Біз әрдайым қолдауға, білмеген мәселелерін түсіндіруге дайынбыз, біз қазір жаңа мекен-жайға ауыстық. Ата-аналар Ақтау қаласы 19 шағын аудан №8/1 үйге Маңғыстау облысы бойынша Әлеуметтік сақтандыру Қоры филиалының 200, 202, 204 кабинеттеріне келіп, бізбен ашық түрде сөйлесіп, кеңес алуларына болады.
- Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан Теңге БЕКМҰРЗАЕВА