©
1 наурыз күні «Ақтау-Бейнеу» автожолында «Shacman» маркалы жүк көлігі мен «LADA Largus» соқтығысты. Салдарынан жеңіл көлікте болған 6 жолаушы мен оның жүргізушісі оқиға орнында қаза болды.
«Ақтау-Бейнеу» автожолында қаза болған 7 адамның 6-ауы Өзбекстан азаматтары. Бұл туралы Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланғандай, мерт болғандардың 6-ауы сол елдің азаматтары.
«Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшілігінен түскен ақпаратқа сәйкес, 1 наурыз күні сағат 06.00-де Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шетпе ауылынан, «Ақтау-Бейнеу» күре жолында Ақтау қаласы - Бейнеу ауданы бағыты бойынша бет алған мемлекеттік нөмірі 90 S 830 JA «LADA Largus» пен мемлекеттік нөмірі 737 DPA/12 «Shacman» жүк көлігі соқтығысты. Жол апаты салдарынан өрт болып, алдын ала мәлімет бойынша 7 адам қаза болды. Олардың 6-ауы Өзбекстан Республикасының азаматы. Аталмыш факті бойынша тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген Елшілік ақпаратында.
Көлік оқиғасына орай Өзбекстан ТЖМ-де және Қазақстандағы Өзбекстанның дипөкілдігінде шұғыл желілер ашылды. Кейін мәлім болғандай, екі елдің Ішкі істер министрліктері жүргізген бірлескен шаралардың нәтижесінде «Лада Ларгус» көлігінде болуы мүмкін Өзбекстанның алты азаматының аты-жөндері анықталған.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="49358,49359"]