©
Ақтауда бос жұмыс орындары бойынша ақпарат беретін мобильді қосымша іске қосылды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің сайтында хабарланды.
«CZ Aktau» атты мобильді қосымшасын «Ақтау қаласы әкімдігіне қарасты халықты жұмыспен қамту орталығы» МКМ бастамасымен «Ақтау серпіні» жобасы шеңберінде іске қосқан. Қосымша арқылы қала тұрғындарына еңбек нарығындағы ашық, маңызды және өзекті ақпараттарды алуға болады.
Сайттың хабарлауынша, барлық қаладағы жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған ақысыз мобильді қосымша пайдаланушыларға мынадай мүмкіндіктер береді:
Қосымшаны «GooglePlay» мен «AppStore» дүкендерінен жүктеуге болады.
- Жұмыспен қамту орталығы ізденушілер мен жұмыс берушілердің ең үлкен базасына ие қаладағы жалғыз мемлекеттік орган болып табылады. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуға, ал жұмыс берушілерге білікті мамандар табуға жәрдемдеседі. Қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығы қызметтердің кең ауқымын ұсынатын әмбебап алаң ретінде дамып жатыр, - деді Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы МКМ-нің басшысы.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="46388,46387,46384"]