• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Майталман мұнайшылардың мектебі болған цех

    [ 2017 ] 18 қараша, 15:52  |  Жаңалықтар

    ©

    Өткен жылы өндірісті өңірімізде Маңғыстау мұнайының 55 жылдығы, «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының 50 жылдық мерейлі мерекелері тойланған-ды. Жетібай жерінің бетіне мұнай атқылап, ел игілігіне ырыздық-несібе тарту еткен күн елдің есінде қалатындай мән-мазмұнды өтті. Бүгін Жетібайдан басталған жылнаманың жарқын беттерін ашқан «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасындағы №1 мұнай және газ өндіру кәсіпшілігінің бүгінгі тыныс-тіршілігі төңірегінде әңгімелемекпіз.   Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Айрантақыр, Придорожный, Ащыағар, Алатөбе, солтүстік Аққар, солтүстік Қарағия, Атамбай-Сортөбе, Оймашы кенорындары  №1 мұнай және газ өндіру цехына қарайды. Мұнда жиырма төрт топтық қондырғы мен екі айдау стансасы жеті қабат жер қойнауынан күні-түні мұнай өндіруде. Цехта инженерлік техникалық қызметкерлермен қоса мұнай және газ өндіру операторлары, слесарь-жөндеушілер, техникалық су қыздыру қондырғысының операторлары, газбен есуші, электр-газбен дәнекерлеуші және тағы басқа да мамандықтар бойынша 160-тан аса мұнайшы еңбек етеді. Сонау еңбек вахтасында 1965 жылдан бері мұнайшылардың бірнеше буыны ауысты. Бұл цех– бұрынғы Үкімет басшысы марқұм Нұрлан Балғынбаев, қазақ мұнай өнеркәсібінің майталмандары, білікті басшылары Төлеген Хасанов, Сейсенғали Өтеғалиев, Абат Нұрсейітов, бірінші вице-министр Алик Айдарбаев, «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының басшыларының бірі Жетібай Төлеғожаев үшін де еңбек жолының бірінші парағы... – Қазіргі таңда кенорындарында көлденең бұрғылау, оқпандап қазу, ұңғыны қышқылды сұйықтықпен жару, су айдайтын ұңғыларды толқынды соққылаумен өңдеу әдістері қолданылады. Соңғы жылдары озық технологиялар өндіріске батыл енгізілді. Қалыптасқан қарқынды еңбектің арқасында мұнай өндіру көлемін жылдан-жылға арттырып келеміз. Ұңғылардың өнімін ұлғайту мақсатында геологиялық-техникалық шаралар жасалып, 67 ұңғы қосымша өнім өндіруден оң нәтиже көрсетті. Бүгінгі таңда кенорындарындағы негізгі және қосалқы мұнай құбырлары, жұмыс істеп тұрған 420 ұңғының барлығы шыны-пластикалық құбырмен қамтамасыз етілген. Құбырлардың жарылуы, мұнай қалдықтарының жерге төгілуі тоқтатылды, – деді  цех басшысы Әділбек Әкімиязов. Әділбек Нұрғалиұлының айтуынша, қазан айындағы көрсеткіш бойынша тәуліктік мұнай өнімі 2700 тоннаны құрап, цех межеленген жоспарды 33 тоннаға артығымен орындаған.  №1 мұнай және газ өндіру кәсіпшілігіндегі инженерлік-техникалық қызметтер толығымен компьютерлік жүйемен жұмыс істейді. – Қалыптасқан дәстүрге сай бірінші цех бірінші болып, көш басындағы тұғырынан түспеуі тиіс. Біздің цех – майталман мұнайшылардың мектебі болған орын. Біз осы жауапкершілікті жете түсініп, абыройлы еңбек етуге тырысамыз. Еңбегің жанып, өз ортаңның беделді маманы болу үшін, өзіңе берілген жұмысты тиянақты орындау шарт. Ең бастысы цехта қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау қажет. Цехта өндірістік қауіпсіздік, жұмыс барысында апаттың алдын алу, қауіпсіздік техникасына байланысты шаралар уақытында жүзеге асырылып отырады. Таңертең үйінен жұмысқа кеткен азамат отбасына аман оралуы тиіс. Ал қауіпсіз еңбек бар жерде табыс та болатыны сөзсіз. Біздің ұжым осы қағиданы берік ұстанады. Жылдан-жылға іс-тәжірибемізді шыңдап, озат еңбеккерлер қатарынан көрінуге тырысып келеміз, – деді цех басшысы. Цех мұнайшылары еңбекте де, қоғамдық шараларда да белсенділік танытып жүр. Мәселен, «Үздік маман – 2017» кәсіби біліктік байқауының облыстық деңгейдегі «Үздік оператор» аталымының жүлдегері Сәкен Саметдинұлы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниялары арасында өткен сайыста «Үздік слесарь-жөндеуші» атанған Абдол Бижанов №1 мұнай және газ өндіру цехында қызмет етеді. Цех геологтары Байсары Дүйсенбаев, Жомарт Құдайбергенов, Қайрат Ходжаев «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы жанындағы жас мамандар кеңесі құрамында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға белсене атсалысып жүрсе, слесарь-жөндеуші Кенжебек Оңғалиев пен оператор Ержан Мұратбаев «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы футбол және волейболдан ардагер спортшылардың құрама командасында. Мұнай операторы Талғат Жақыпов - облыс, республика сахналарында өнер көрсетіп, компанияның мерейін арттырып жүрген өнерпаз. Мұндай жетістіктер – цех басшылығының ұжымдағы жұмысының жарқын көрінісі. Қазыналы мекенімізде өндіріліп жатқан қара алтын қоржынында «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының №1 мұнай және газ өндіру цехы жұмысшыларының маңдай тері, еселі еңбегі жатыр. Татулығы мен бірлігі жарасқан ұжымның әр күні табыстармен өрнектелетініне сенім мол.

    Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ

    905
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар экономика аудан тынысы
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Шіркін, шіркін, қандай ғажап студенттік жылдарым...

    Келесі жаңалық

    Маңғыстауға Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс сапарымен келді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2020 жылы 17 жоба іске асырылады

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 06:18
      3554

      Майталман мұнайшылардың мектебі болған цех

      [ 2017 ] 18 қараша, 15:52
      906

      Былтыр «Құрық Порты» арқылы 1,3 млн тонна жүк тасымалданған

      [ 2020 ] 11 ақпан, 17:40
      3632

      Қарақия ауданы былтыр негізгі капиталға 161 млрд теңге инвестиция салды

      [ 2020 ] 6 ақпан, 20:47
      4014

      Маңғыстау ауданының жергілікті бюджеті толықтай орындалды

      [ 2020 ] 5 ақпан, 19:43
      2685

      Серікбай Трұмов: Орта және шағын бизнеске оң өзгеріс керек

      [ 2020 ] 5 ақпан, 09:37
      3596

      Рубрикалар

        ҚоғамАуыл өміріҚазақстан жаңалықтарыБайланыс мәліметтеріХабарландыруРедакция туралыАнықтама бюросы

      Автордың басқа да жазбалары

      Саулығыңыз салғырттықты көтермейді

      [ 2018 ] 14 тамыз, 10:24
      1687

      Құм көшкініне тосқауыл бар ма?

      [ 2018 ] 9 шілде, 05:29
      3509

      Күйші Серіктің еңбек белестері

      [ 2018 ] 5 шілде, 12:54
      2126

      Ақтау қаласының әкімі журналистерді мерекесімен құттықтады

      [ 2018 ] 27 маусым, 13:10
      2346

      Мерекедегі мерей    

      [ 2018 ] 27 маусым, 09:31
      1749

      Бітімгершілікке келу – береке бастауы

      [ 2018 ] 25 маусым, 05:51
      1922

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»