©
Ел қазынасына түсетін кедендік төлемдер мен салықтар (КТмС) көлемі уақыт санап өсіп келеді. Мәселен, 2017 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша КТмС көрсеткіші 5 691 миллион теңгені құрады. Маңғыстау облысы мемлекеттік кіріс департаментінің өкілі М.Ақмұратовтың айтуынша, жоспар 112% орындалған. Ал өткен жылдың соңғы кезеңімен салыстырғанда кедендік төлемдер мен салықтардың өсу қарқыны 25% -ға жеткен.
Мемлекет қазынасын толықтыру және Маңғыстау облысындағы Мемлекеттік кіріс департаментінің «Морпорт» кедендік бекетінің сәтті жұмыс істеуі – кеден қызметінің негізгі міндеттерінің бірі. Сондықтан алдағы төртінші тоқсанда да жоғары көрсеткіш жалғасын табарына толық негіз бар.