©
Жыл сайын 25 критерий бойынша жалпы білім беретін мектептердің қызметін бағалау мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантына облыстық конкурс өткізіледі.
Биылғы жылы сол байқауға қатысқан 10 мектептің ішінде Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейі жеңімпаз атанды.
Бұл туралы бүгін "Қазақстанның жаңғыруы 3.0. - білімнің үлесі" педагогтардың тамыз кеңесінде айтылды.
Жиын барысында Ақшұқыр мектеп-лицейінің директоры Тілеубаева Қаламқас Қалиқызына облыс әкімдігінің 19 миллион 567 мың 200 теңгелік сертификаты табысталды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суреттерді түсірген: Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="33696,33700,33708"]