"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының батыс өңіріндегі қызметкерлері арасында өткен V спартакиаданың аумақтық іріктеу ойындары мәресіне жетті.
Маңғыстаудағы ірі спорт нысандарын екі күн бойына түрлі саланың өкілдері арасындағы тартысты бәсекеге толдырған жарыс спорттың жеті түрі бойынша болды. Соның жетеуіне де батыстық әріптестері атынан белсенділікпен қатысқан маңғыстаулық теміршолшылар алтауынан орын алып, суперфинал жолдамасын жеңді. Олар Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі мен Маңғыстау магистарльды желілер бөлімшесінің командалары және жеке ойыншылары. Жасы да, жасамысы да бар, барлығы жетпіс теміржолшы.
Жарыс нәтижесінде волейболшылар мен киберспортына қатысушылар сегіз команда арасында 3-орынға ие болса, стритболдан теміржолшылардың қоржыны 3,4-орындармен майланды. Армреслингтен ер азаматтардың қанжығасына 2-орын байланды. Әйел-қыздардың еншісіне бір 2-орын мен екі 3-орын бұйырды. Жүлделі орындарды Абылай Жексенбаев, Ботакөз Жұмағалиева, Айгүл Аяпова, Меруерт Сүлейменова алды. Үстел теннисінен финалға шығуға лайықты ойын көрсеткен Лязат Сисенова болды. Бәрінен де шахматшы қыздар асып түсті. Өзгелерден ойының өткірлігімен озып шыққан Шолпан Валиева 1-орынның белесін бағындырды. Сәуле Жұмаханова 3-орынға тұрақтады.
- Биыл Спартакиада тарихында болмаған жаңалық енгізілді. Ойындардың қатарына киберспорт қосылды. Заман дамыған сайын мекемелердің базасына хакерлік, кибер шабуылдары болып тұрады. Сондықтан оған төтеп беру үшін ойлап табылған спорт түрін теміржолшылар арасында дамытуға ерекше назар аударудамыз. Бүгін 12 адамды дайындап келдік. Оладың жаттығуы үшін "АриZona" клубынан мүмкіндік берілді, жұмыстан уақыт бөлінді,-дейді Маңғыстау теміржолының спорт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова.
Шахида ЖҰМАН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="32589,32588,32587,32583,32584,32585,32582,32586,32580,32578,32579,32581"]