Бүгінгі мəслихат сессиясында облыс басшысы Ералы Тоғжанов білім саласына да көп көңіл бөлінетінін мəлімдеді. Əсіресе, жастардың жоғары білім алуына жан-жақты жағдай жасалатынын баса айтты. Өңірдегі білімге құштар жастарға облыс əкімі тарапынан арнайы 50 грант бөлініп, олар еліміздегі ЖОО-да тегін оқитын болады.
Жақында Сергей Азимов, Айгүл Қосанова сынды Маңғыстаудан шыққан белгілі тұлғалар облысымызға келіп, оқуға ниетті талантты жастарды таңдап алғанын да тілге тиек етті. Болашақта мұндай түлектер келелі білім алып, облысымыздың көркеюіне атсалысатын болады.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА