Маңғыстаудың кейбір мектептерінде 3 ауысымдық оқыту болуы мүмкін.
- Халық санының өсу қарқынын есепке ала отырып, облыс мектептерінде 3 ауысымдық оқуды болдырмауды қарастыру керек. Бұл мәселе күн тәртібінде тұр! - деді облыс әкімі.
Әкім өз сөзінде Жаңаөзенде 5200 баланы тез арада мектеппен қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Бұған дейін Жаңаөзенде шамадан тыс халықтың көп екендігі Үкіметке айтылды. Алдағы уақытта Жаңаөзенде құрылысты кеңейту немесе халықты көшіру мәселесі қаралатын болады.
[embed]https://youtu.be/0n73e_MFNQg[/embed]Айта кетейік, дәл қазір Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті сессиясы өтіп жатыр.
Айгүл ДӘДЕН
Бейнежазбаны түсірген автор