Облыстық коммуникациялар қызметінің кезекті отырысында сөз болды. БАҚ құралдарымен кездескен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Тұрбек Спанов пен бас маман Жандос Ниязов осы салада атқарылып жатқан жұмыстар жайында әңгімеледі.
Бас қосуда төмендегідей деректер келтірілді; Маңғыстау облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 692,3 шақырым құрайды. Оның ішінде республикалық маңыздағысы-1033, жергілікті маңыздысы 1659,3 шақырым. 2016 жылы республикалық маңызды жолдарға 15 753,1 , облыстық маңызды жолдарға 2 514,9 ,аудандық және ауыл ішіндегі жолдарға 4 825,6, барлығы 23 093,6 миллион теңге қаражат бөлінген. 2017 жылы бөлінген қаржының жалпы көлемі 16 681,0 миллион теңге болып отыр. Оның ішінде республикалық маңыздағы жолдарға 2 209,3 миллион теңге, облыстық маңызды жолдарға 2 900,1 , облыстық маңызды жолдарға 2 900,1 , аудандық және ауыл ішілік жолдарға 4 571,3 миллион теңге қаралды.
Республикалық маңыздағы автомобиль жолдары бойынша айтсақ, «Бейнеу-Шетпе» автомобиль жолының учаскесі ( Сайөтес ауылы- №10 бекет) қайта жаңыртылмақ. 2017 жылға 1 099,1 миллион теңге қаралды. Мердігер кәсіпорын «Нияз-Мұхаммед «ЖШС-і. Сондай-ақ, «Шетпе-Жетібай-Ақтау» 170 шақырым автомобиль жолының учаскесі қайта жаңғырту үшін биыл 3 168,0 миллион теңге бөлінді. Түрік компаниясы атқаратын бұл жұмысқа 167 адам жұмысқа тартылғалы отыр.
Ұзындығы 73 шақырым «Жетібай-Жаңаөзен» автомобиль жолы қайта жаңартылады. Жұмысты ағымдағы жылы Азия Даму банкісінен қаржыландыру арқылы бастау жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 25,0 миллиард теңге, 2017 жылға 4 462,2 миллион теңге қаралған. Қазақстан Республикасының Парламентінде Азия Даму банкінен займ алу бойынша келісім -ратификациядан кейін мердігер кәсіпорындармен шарт жасалады. Сондай-ақ, ұзындығы 84 шақырым «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» автомобиль жолын қайта жаңғырту үшін 2017 жылы республикалық бюджеттен 480,0 миллион теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда конкурс рәсімдері өтуде.
- Облыстық маңыздағы автомобиль жолдары үшін 2017 жылы құрылыс және жөндеу жұмыстарына 2,900,1 миллион теңге бөлінді. Оның құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарына 1 083,4 миллион теңге қаралып отыр. 2017 жылы «Ақжол құрылыс» ЖШС –і «Қияқты-Тұщықұдық» автомобиль жолын қайта жаңартуды бастайды, -деді Тұрбек Қуанышұлы.
Сонымен бірге «Ақтау-қаламқас» және «Таушық-Шетпе» автомобиль жолындағы жасанды имыраттарды қайта жаңарту (2 кезең) үшін ағымдағы жылға респбликалық бюджеттен 400,0 миллион теңге бөлінді. «ХГМЗ» жол қиылысынан №23,24,28 «А» шағын аудандарының қиылысына дейінгі жалпы ұзындығы 7 шақырымдық көлік жолын қайта құрылымдау жобасына 1 737,9 миллион теңге қаралды. 2017 жылға жергілікті бюджеттен 100,0 миллион теңге бөлініп, «МКДСМ» АҚ –ымен келісім жасалды.
«ХазарМұнайГазҚұрылыс» ЖШС –і «Ақтау-Қаламқас», және «Таушық-Шетпе» автомобиль жолындағы жасанды имыраттарды қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. Жобаның жалпы құны 283,2 миллион теңге (16 су құбыры). Биылғы құрылыс-монтаж жұмыстарына 75,4 миллион теңге қаралған, 2018 жылдың қараша айында аяқталуға тиіс. «Бекет ата жолы» бойынша 51 шақырымды қайта жаңартуға 2017 жылға жергілікті бюджеттен 8,0 миллион теңге бөлінбек. Ұзындығы 73 шақырым «Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автомобиль жолының құрылысы жалғасады. «Ақтау-Форт-Шевченко» автомобиль жолының 43-75 шақырымдық учаскесі, «Ақтау-Құйылыс» жолының 7-19 шақырымдық учаскесіне күрделі жөндеу жүреді.
Сондай-ақ, орташа жөндеуге 731,8 миллион теңге қаралып отыр. «Форт-Шевченко –Таушық» автомобиль жолының 76-88 шақырымдық учаскесін орташа жөндеу үшін 2017 жылға 84,7 миллион теңге бөлінді. «АқтауҚаламқас» автомобиль жолының 88-154 шақырымдық учаскесін орташа жөндеу жұмысына ағымдағы жылы 158,8 миллион теңге қаралып отыр. Мердігер кәсіпорын «Маңғыстаудорсервис» 2018 жылдың қараша айында аяқтамақ.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Тұрбек Спанов 2017 жылы «Ақтау-Құйылыс» автомобиль жолын қайта жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға -28,6 миллион теңге, аудандық маңыздағы және ауылішілік автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 4 571,3 миллион теңге қаржы қаралғандығынан да хабардар ете кетті.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Жандос Ниязов берген ақпарат бойынша ағымдағы жылдың 1-мамырға дейін 26 953,1 мың жолаушы тасымалданған, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,8 пайызға жоғары. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі 71 614,6 мың тонна, бұл былтырғыға қарағанда 2,3 пайызға артық.
Маңғыстау облысы бойынша жолаушылар тасымалымен 29 мекеме айналысады. Оның 18-і қалалық және аудандық, 11-і облысішілік және облысаралық маршуттарға қызмет көрсетеді. Аталған желіге 46 маршрут кіреді, оның ішінде қалалық, аудандық 30, 16 облысішілік марушруттар бар. Облыс көлеміндегі маршруттарға 440 автобус қызмет етеді. Автобустардың тұрған орны, қозғалыс интервалы мен жылдамдығы бойынша ақпараттар интернет арқылы бақыланады. Облыстағы 58 елді мекеннің ішіндегі халық саны 1 мың адамнан асатын елді мекендердің 15,22 пайызы ғана тұрақты автобус маршруты желісімен қамтылмаған.
Қазіргі таңда облыс көлемінде Жаңаөзен қаласында, Шетпе, Бейнеу селосында 3 автобекет қызмет көрсетеді. 2014 жылы Қазақстан республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015 жылы Бейнеу және Маңғыстау ауданы селоларында 50 орындық 2 автостанция салынып, пайдалануға берілді. 2020 жылға дейін Түпқараған және Қарақия ауданында 2 автобекет салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, халық саны 1000 адамнан асатын ауылдар мен селоларда жолаушыларға қызмет көрсететін кассасы бар, төбесі жабық павильион түріндегі 14 бекет (Бейнеуде-4, Маңғыстауда-6, Қарақияда-3, Түпқарағанда-1) іске қосылады. Жоспарлаған 22 такси тұрағынан Ақтау әкімдігі тарапынан 2014 жылы -4, 2015 жылы -5 дана такси тұрағы салынды.
БАҚ құралдарымен кездесуде жол салу және жолаушылар тасымалына қатысты басқа да бірінші кезекте атқарылмақ жұмыстар, алда тұрған міндеттер жайында сөз болып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Болат Үмбетов