Мереке аясында әр ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптейтін түрлі көрмелер, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев мерекелік құттықтауынан соң, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Маңғыстау-5 ауылы бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдулла Мұрыншықовты, Батыр ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайын Қалмағанбетовты, «Теміржолсу – Маңғыстау» ЖШС Маңғыстау учаскесі бойынша басшысы Еркін Сапаевты, «Маңғыстауэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысшысы Әбілхан Қошымды, «Маңғыстауэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысшысы Нұратдин Базарбаевты, Мұнайлы ауданының құрметті азаматы Оңаш Епеновты, Мұнайлы ауданының жеке кәсіпкері Андрей Шишовты, «Маңғыстаужылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысшысы Досжан Өнербаевты, Қызылтөбе ауылдық бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырбай Жұпбановты алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ, апталық жастар фестивалінің қорытындысына сәйкес «Ең үздік жүргізуші» номинациясымен №9 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Маржан Жәумітбаева, «Ең үздік ұлттық киім» номинациясымен Назгүл Бекбаева, «Ең үздік суретші» номинациясымен №9 орта мектебінің бейнелеу пәнінің мұғалімі Саламат Отаров, «Ең үздік көрме-жәрмеңке» номинациясымен Маңғыстау, «Ең үздік ұлттық дастархан» номинациясымен Батыр, «Ең үздік сахналық көрініс» номинациясымен Атамекен ауылдары және «Ең үздік жас орындаушы» номинациясымен №3 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сандуғаш Мұхамедова марапатталды. III – орынды Қызылтөбе, II орынды – Маңғыстау, I орынды – Дәулет ауылдары иемденсе, бас жүлде - Басқұдық ауылына бұйырды.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
«Мұнайлы»