• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Ералы Тоғжанов - Қарақияда (ФОТО)

    [ 2017 ] 17 сәуір, 09:32  |  Жаңалықтар

    ©

    Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қарақия ауданына сапары барысында бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандарды аралап, жұмысымен танысты. Мұндағы өзекті мәселелерді назарынан тыс қалдырмаған аймақ басшысы шешімін табуы тиіс тапсырмаларды орынбасарларына, басқарма мен мемлекеттік мекеме басшыларына жүктеді.

    Танысу сапары республикалық маңыздағы жол бойындағы жұмыстың қалай еңсеріліп жатқанын көруден басталды. Ұзындығы 170 шақырым болатын Шетпе – Жетібай –Ақтау бағытындағы жолдың құрылысы 2015 жылы басталған- ды.

    –Осы бағыттағы жолдың 67 шақырымы 1 деңгейлі, 85 шақырымы 2 деңгейлі, қалған бөлігі 3 санатты болады. Жолдың бойында 4 көпір салынды. Айналасы абаттандырылып, жарық беріледі.Құны 36 млрд.теңгені құрайтын жобаны Азия Даму банкінен қаржыландырды. Шебін, қиыршық тас, цемент, битум сынды жергілікті құрылыс материалдары пайдаланылуда. Мұнда 750- дей жұмысшы еңбек етіп жатыр. Олардың дені – Мұнайшы мен Жетібай ауылының тұрғындары. Бұл автокөлік жолының бір оське түсетін салмағы 13 тоннаны көтереді. Қазіргі таңда жолға 2 қабат асфальт жамылғысы төселініп тұр. Ағымдағы жылдың қазан айына дейін үшінші қабатын төсеп, халық игілігіне пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, – деді «Дженгиз Иншаат» компаниясының Ақтау қалалық филиалының директоры Мұрат Зейнабилов.

    Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы мердігер мекемеге қауіпсіздік шараларын қарастыруды тапсырды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Тұрбек Спановқа әр жұма сайын жасалған жұмыстың есебін беруді жүктеді.

    Мұнан соң аймақ басшысы бастаған қонақтар Маңғыстау мұнайының 55, «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының 50 жылдығына орай ашылған «Еңбек даңқы» мұражайына барды. Маңғыстау мұнайының тарихынан сыр шертетін мұражайда суреттер топтамасы, өндіріс алаңының макеті, кішігірім мұнай мұнарасы, құрал-жабдықтар, Жетібайдың кен орындарынан өндірілген мұнай үлгілері, мұнайшының жұмыс киімдері, үстелі, ыдыс-аяқтары, демалатын орынын тамашалады. Сондай-ақ Жетібай жерінде алғаш мұнай ашушыларға орнатылған ескерткішке барды. Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Бақыт Иманбаевқа мұнай- газ секторы арқылы басқа салаларды дамытуға жұмыстануды, негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін 100 пайызға жеткізуді тапсырды.

    Сапар аясында «Жетібай – Достық» карьерінің жұмысымен танысқан облыс әкімі Ералы Тоғжанов жұмсақ болғандықтан өтімділігі төмен тас, ұлутас өнімдерін қаланы, елді мекендерді абаттандыруға, әсемдеуге пайдалануды ұсынды. Мұндағы ұнтақ өнімдерді осы ауданда ашылатын құс фабрикасына азық ретінде кәдеге асыруды тапсырды. Сонымен қатар облыс әкімі жол бойында қалдықтарын қалдырған бұрынғы карьердің иелерін тауып, жерді қалпына келтіру қажеттігін қаперге салды.

    Танысу сапарымен Жетібайда болған облыс әкімі жөнделіп жатқан ауылішілік жолдарды көрді. Жаңа шағынаударда 2016 жылы 5,1, өткен жылы 4,8 шақырым жол жөнделсе, биыл 7,5 шақырымға асфальт төсеу жоспарланған.

    Мұнайшыларға арнайы киімдер тігумен айналысатын «Жанарыс» ЖШС тігін цехында болған облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы өндіріс орнының қуаттылығын арттырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында медициналық киім үлгілерін тігуді ұсыныс етті.

    –Мен осы цехта 2014 жылдан бері жұмыс жасаймын. Менімен бірге 20-дай тігінші арнайы киімдер мен қолғаптар тігеді. Аптаның 5 күнінде таңертеңгі 8-ден кешкі 17.30- ға дейін жұмыс істейміз. Мұнда күніне120- дай қолғап тігіледі, – деді тігінгші Гүлшат Жұмабаева.

    Мұнайшы ауылындағы №5 орта мектепке бет алған қонақтар оқу орнының жағдайымен танысып шықты. Облыс әкімі оқушылар үндеуі салынған арнайы жәшікті ашып, олардың ұсыныс- пікірлерін, тілектерін оқыды. Оқушылар мектеп әкімшілігіне әртүрлі үйірмелер ашылғанын қалайтынын айтыпты. Осы сәтте аймақ басшысы Ералы Лұқпанұлы облыстағы барлық мектептерге осындай арнайы жәшіктер орнатуды тапсырды. Облыс әкімі осы мектепті биыл бітіретін мектеп түлектерімен сөйлесіп, алдағы сынақта сәттілік тіледі. Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов Құрықта салынып жатқан 500 орындық жатақхананың құрылысымен танысты. Жұмысшыларға арналған жатақханада қазіргі таңда ішкі әрлеу жүргізіліп жатыр. Мұнда 2,3 адамдық жатын бөлмелерден бөлек асхана, кітапхана, кір жуатын бөлмелер бар. Ғимараттың айналасы қоршалып, асфальт төселіп, спорт нысаны, автокөлік тұрағы салынбақ. Мердігер мекеме ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы енді бой көтеретін жатақханалар отбасымен тұруға ыңғайлы етіп салынуы қажеттігін қаперге салды.

    Сапар барысында облыс әкімі аудан орталығында тұратын 97 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Бақтылай Оразалиеваның шаңырағында болды. Красноводск қаласында әскери госпитальда медбике болған ана 8 ұл- қызынан 35 немере, 41 шөбере сүйіп отыр. Облыс әкімі Бақтылай Назарқызының ұрпаққа осындай бейбіт өмір сыйлауға еңбек сіңірген батыр анаға алғысын айтып, гүл шоқтарын ұсынып, естелік сыйлық тарту етті. Ардагер әже ақжарма лебізін білдіріп, бата берді.

    Облыс әкімі Құрық ауылындағы минералды күкірт сутекті бұлақ суымен емдейтін емдеу орнының қызметімен танысты. Сапар соңында Қызылқұм жеріндегі «Жалмұрат» шаруа қожалағына соқты.

    –Егін шаруашылығымен айналысып, немереме арнап алма, алмұрт, өрік ағаштарын өсіремін. Жылыжайда қызанақ, қияр өсіріп, тамшылата суару әдісін қолданып отырмын. Су тапшы болғандықтан ойда су қорын жинауды жоспарлап отырмын. Ол үшін суды жерге сіңірмейтін ирандық құрал- жабдықтар керек. Біз Мұнайлы мен Қарақияға ортақ электр желісінен жарық алып отырмыз. Жаз айларында жарықтың қуаты жетпейді. Сондықтан Құрық портына салынып жатқан электр желісінен жарық көзін алсақ, жеткілікті болар ма еді?! Алдағы уақытта шаруашылығымды кеңейткім келеді. Инвесторлармен келіссөз жүргізуге көмектесулеріңізді сұраймын, – деді шаруа Төлеген Жалмұрат.

    Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы орынбасары Рақымбек Әміржановқа шаруа айтқан мәселелермен айналысуды, ерінбей еңбек етемін деген жандарды қолдауды тапсырды.

    Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

    2001
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар саясат экономика қарақия
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Кәсіпкерлер АИТВ/ЖИТС жайын біле ме?

    Келесі жаңалық

    Өнер додасы жаңа есімдерді танытады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ералы Тоғжанов - Қарақияда (ФОТО)

      [ 2017 ] 17 сәуір, 09:32
      2002

      Былтыр «Құрық Порты» арқылы 1,3 млн тонна жүк тасымалданған

      [ 2020 ] 11 ақпан, 17:40
      3630

      Қарақия ауданы былтыр негізгі капиталға 161 млрд теңге инвестиция салды

      [ 2020 ] 6 ақпан, 20:47
      4010

      Қарақияда желқондырғылар салына бастады

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 15:34
      2390

      Қарақияның қарышты қадамы

      [ 2019 ] 28 қазан, 05:38
      1909

      «Малайзия-Қазақстан» бизнес форумы аясында Маңғыстауға 1 млрд. доллар инвестиция тарту туралы меморандумға қол қойылды

      [ 2017 ] 12 шілде, 15:48
      1635

      Рубрикалар

        Рухани жаңғыруҚазақстан жаңалықтарыҚоғамАнықтама бюросыБіле жүріңізРедакция ұжымыСпортТағайындауСұхбат

      Автордың басқа да жазбалары

      Саулығыңыз салғырттықты көтермейді

      [ 2018 ] 14 тамыз, 10:24
      1684

      Құм көшкініне тосқауыл бар ма?

      [ 2018 ] 9 шілде, 05:29
      3502

      Күйші Серіктің еңбек белестері

      [ 2018 ] 5 шілде, 12:54
      2120

      Ақтау қаласының әкімі журналистерді мерекесімен құттықтады

      [ 2018 ] 27 маусым, 13:10
      2344

      Мерекедегі мерей    

      [ 2018 ] 27 маусым, 09:31
      1746

      Бітімгершілікке келу – береке бастауы

      [ 2018 ] 25 маусым, 05:51
      1917

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»