«Өнер көзі – халықта!» деген сөз тегін айтылмағанын, жыл сайын Маңғыстау облысы әкімдігі мен мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан көркемөнерпаздар фестивалі дәлелдеумен келеді.
Биылғы X «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалі биыл «Қазақстан - жалғыз ұлы қазақтың!» тақырыбында өтуде. Фестиваль жастардың рухани мәдениеті мен шығармашылық бастамашылығын дамыту және жетілдіру, дарынды орындаушылар мен ұжымдарды анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруына жағдайлар жасау; шығармашыл жастар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігін қалыптастыру; тұрғындардың бос уақытын ұтымды пайдаланылуын жетілдіру; жастарды мәдени, қоғамдық саяси өмірге тарту; ауыл мен аудан тұрғындарының белсенділігін арттыру, халықтың рухани мәдениетін, ұмыт қалған халық шығармашылық жанрларын жандандыру, дамыту; ауыл мен аудан клуб мекемелерінің материалдық-техникалық базасының нығаюына ықпал ету; өнерді дамытуға жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару; елжандылық пен бірлікке тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.
Өнер додасына 16 жастан жоғары облыстың ұйымдарындағы, кәсіпорындарындағы, әскери бөлімдердегі және жоғары, арнаулы орта оқу орындарындағы көркемөнерпаздар қатысты. Аудандардан басталып, облыс орталығында қорытындыланатын өнер додасы әзірге 3 ауданда өтті.
Бейнеу ауданынан «Маңғыстау жұлдыздары» фестивалінде 180 көркемөнерпаз қамтылды. Фестивальдің жанрлары бойынша «Жұлдыз» би тобы жаңа ұжымы құрылып, жанрлар бойынша Бейнеу аудандық ұлт аспаптар оркестрінен Қарагөз Мерешова, «Классика жанрынан» Нұрсая Бақиқызы, «Эстрадалық музыкадан» Әсел Түркменбаева мен Рысбек Жанайыс, «Көркем сөз оқудан» Тағаберді Әлібек, Еркебұлан Ильяс, «Халықтық аспапта орындаудан» Шертер-Айбат Збайрашов, Әсем Шонтыбаева (жетіген), Қанат Іңірбай (Сазсырнай), Мөлдір Өмірзақова (сырнай), «Фото суретшілер» номинациясы бойынша Қабышев Ғабит, Шөкімов Райымбек, Бекжанова Гүлсім (концерт жүргізуші) секілді жаңа есімдер халыққа танылды.
Маңғыстау ауданынан фестивальға 90 көркемөнерпаз қатысып, жанрлар бойынша «Нұр-Шах» би ұжымы, «Маңғыстау квартеті» жаңа ұжымдары құрылған. Фестивальдің жанрлары бойынша жаңа есімдер: Кенжегүл Арықбаева, Сахи Әбдиева, Нұрперзент Жүсіпбеков, Талғат Бүркітбаев, Бекенжан Ертөлеп, Серікбол Әбілғазиев, Нұрай Айбарқызы (эстрада әншісі), Берікбол Жетібаев (ВИА, эстрада әншісі), Айбану Ахмедуллаева (жеке классикалық әнші), Дарын Қосай – (оркестр әншісі), Ықылас Таңатарұлы, Айдын Әбдеш (көркемсөз маманы), Жұмаханов Ербол - (айтыскер ақын), Сағынбаев Мерет, Тілекбай Самат, Бисенбекұлы Қайнар – (фото шебер), Демеуова Хиуаз, Сатов Аманғали, Құлтумаев Ахмет – (бейнелеу шебері) танылды.
Түпқараған ауданы бойынша додаға 175 көркемөнерпаз қатысып, «Қызғалдақтар» би ансамблі құрылып, Шығысова Фариза, Доғдырбайұлы Мұхтархан (көркемсөз), Шахы Мөлдір, Үсенғали Сабыржан, Сүлейменова Әйгерім, Сұлтанова Ләззат, Іздібай Лесбай, Төребай Зере эстрада номинациясы, Ақбаева Замира, Түйебаева Гауһар, Жақсылықова Динара (бейнелеу), Сабанов Қуанышбек, Азмағанбетов Кенжебай (фото суретші), Қанжарұлы Мадиасқар (ақын), Жүсіп Айгүл (концерт жүргізуші) есімдері белгілі болды.
Үміт ЖӘЛЕКЕ