"Ақтау қаласында «Жастар керуені» жобасының жұмысы қорытындыланып, көштің эстафетасы Батыс Қазақстан облысына табыс етілді. Алдағы уақытта жастар көші еліміздің барлық өңірлерін аралап, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттайды", - деп хабарлайды МО әкімінің баспасөз қызметі
Республика бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру – Жастар керуені» Батыс Қазақстан облысына қарай жолға шықты.
Аталмыш көш 1 қарашада Жаңаөзен қаласынан басталған. Керуен Маңғыстау облысының 1 қаласы мен 5 ауданына қарасты 56 елдімекенді, оның ішінде шалғай ауылдардағы жастарды қамтып, тұрғындар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын мақсат-міндеттер мен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталмыш жобаның негізгі мақсаты – аймақ тұрғындарына мемлекеттік саясатты түсіндіру, жастарды қолдау, халық игілігіне арналған түрлі қызметтер мен мол мүмкіндіктерді ұсынатын мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және өзекті мәселелер бойынша жастарға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету болды.
Керуен жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй алуға жәрдемдесу және жатақханамен қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, кәсіптік бағдар беру, цифрлы технологияларды түсіндіру сынды бірнеше мәселені шешуге бағытталған.
Облыстың 1 қаласы мен 5 ауданына қарасты 56 елді мекенді қамтыған (Ақтау қаласын қоспағанда) «Рухани жаңғыру – жастар керуені» аясындағы шараларға 5000 жуық жастар қатысты. 4000 жуық жас жоғарыда аталған бағыттар бойынша кеңес алды.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="42207,42202,42206,42205,42204"]