©
Қазіргі заманда көліксіз бір күнді елестетудің өзі қиын. Онсыз көп жұмыс жүрмей, қол-аяқ байланып қалатындай. Шындығында да солай. Біраз ауырды жеңілдетіп, алысты жақындататын көлік құралдары - мінуге ат, ұшуға қанат. Жүк артуға ыңғайлы керуен, жол журсең оңтайлы серуен. Сондықтан көліктің қызметіне әркім, әркүні жүгінеді. Бірі тас жолын таңдаса, басқасы темір не теңіз жолымен тұрмыстық қажетін өтейді. Барыс-келіс пен алыс-беріс болғандықтан арнайы мамандардың санитарлық реттеуінсіз тағы болмайды. Маңғыстау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Ағзия Темірқасовамен осы жөнінде әңгімелескен едік.
− Ағзия Бөрібайқызы, басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен көлік саласына қатысты қандай міндеттерді жүзеге асыруда?
− Маңғыстау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтрын қорғау басқармасы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Көліктегі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің аумақтық бөлімшесі болып табылады. Бөлімшелік басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: тексерулердің, бақылаудың өзге нысандардың және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерінінң негізінде ҚР заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру; адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп танылған жағдайда, шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу; өз құзыретінің шегінде тағамнан уланулар, инфекциялық, паразиттік және басқа да аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу; жолаушыларды, тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, радиоактивті,қауіпті,химиялық және уытты заттарды тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдарына, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау шарттарына тексеру жүргізу; тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімдерінің оларды өткізу сатысындағы қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына әсерін бағалауды зерделеу үшін қажетті материалдарды сұрату, сондай-ақ осы өнімнің құнына өтемақы төлемей, оны жүргізу үшін қажетті көлемнен аспайтын және жеткілікті көлемдерде өнімдердің үлгілерінің сынамаларын алу және іріктеу жүргізу; инфекциялық, паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, халықтың декреттелген топтарына жататын, сондай-ақ міндетті медициналық тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулы қабылдау; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар жойылғанға дейін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе реконструкцияланып жатқан объектілерді пайдалануды тоқтата тұру; Үкімет бекіткен тәртіппен шектеу іс-шараларын, оның ішінде жекелеген объектілерде карантин белгілеу.
− Көліктегі жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер...
− Басқарма көліктегі заңды және жеке тұлғаларға Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» №307 бұйрығымен бекітілген стандартқа сай келесі мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
Яғни, жеке және заңды тұлғалар өздерінің немесе мекеменің орналасу жеріне қарай осы мемлекеттік қызметтерді ала алады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 15 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету – электрондық немесе қағаз түрінде жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушы қызметті берушіге өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру туралы хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін ұсынады.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес талон беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Тағы бір айта кетерлігі, басқарма мамандарымен 2015 жылы заңды және жеке тұлғалардан 101 өтініш қаралып, 32 санитарлық- эпидемиологиялық қорытынды берілсе, 2016 жылдың 8 айына заңды және жеке тұлғалардын 58 өтініш түсіп, 28 санитарлық -эпидемиологиялық қорытынды және 12 дәлелді бас тарту берілді. Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық түрде көрсетілді.
− Ел аумағына карантиндік және аса қауіпті жұқпалардың тасымалдануына және таралуына қарсы профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру барысы қалай?
− Карантиндік және аса қауіпті жұқпалардың тасымалдануына және таралуына қарсы басқарма бойынша Карантиндік және аса қауіпті жұқпалардың тасымалдануына және таралуын алдын алу,санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру,өткізу туралы кешенді жоспар жасақталған.Бұл жоспарда мамандардың жұмысты неден бастауы керектігі туралы алгоритмдерімен қоса, жедел хабарлама сызбалары бар.Жедел хабарлама сызбалары ҚТЖ «ҰК» Акционерлік қоғамының филиал басшыларымен және жергілікті медицина мекемелерімен келісілген. Жыл сайын облысымызда орналасқан санитарлық –карантиндік пункттердің мамандарымен және кешенді жоспар бойынша тиісті мекемелермен жаттығу жұмысы жүргізіледі,дайыдығымызды пысықтаймыз,есеп береміз. Бейнеу ауданы Өзбекстанмен шектесетіндіктен 2016 жылдың маусым айында Бейнеу темір жол стансасында Бейнеу санитарлық-карантиндік пункттердің мамандарымен және осыған қатысты теміржол мекемелерімен, денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен, кеден қызметкерлерімен бірлесе оқу-жаттығуларөткіздік.Жыл басынан бері 8 ай ішінде теміржол санитарлық-карантиндік пунктінің мамандарымен 494 теміржол көлігіне тексеру жүргізіліп, 306367 жолаушы, 988 локомотив бригадасы,15996 жолсерігі бақылаудан өтті.
− Тұтынушылардың құқықтары қалай қорғалуда, бұл тұрғыда арыз шағымдар болдыма?
− Әрине, қай көлік құралы болмасын жолаушылар жүрген жерде арыз шағым болмай тұрмайды. Шағымдар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңы бойынша қаралады. Үстіміздегі жылдың 8 айындағы ақпаратқа сүйенсек биыл 3 жеке
тұлғадан шағымарыз және Маңғыстау көлік прокуратурасының талабы бойынша жолаушылардың 2 шағым арызы түсті. Биылғы шағым арыздың негізгі мазмұны жолаушылар пойызының санитарлық жағдайы туралы болды. Түскен шағым арыздар бойынша жолаушылар поездары тексеріліп,құқық бұзушылыққа жол берген заңды тұлғаларға 84840 тенге көлемінде 2 айып пұл салынды. 1 шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» ҚР заңының тәртібі орындалмауына байланысты қараусыз кері қайтарылды.
− Көлік нысандарына және құралдарына қатысты қандай бақылау жұмыстары жүргізіледі?
− Көлік нысадарына бақылау немесе қадағалау жұмыстары 2015 жылдың 29 қазанында шыққан Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде және 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде көзделген ережелерді басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілер тәуекел дәрежесіне қарай 3 топқа, яғни тәуекел дәрежесі жоғары, тәуекел дәрежесі орташа, тәуекел дәрежесі елеусіз объектілер болып бөлінеді.
ҚР заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы талаптардың сақталуын тексеру үшін эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерде тексеру жарты жылда бір рет, ал тәуекел дәрежесі орташа объектілерде – жылына бір рет жүргізіледі.
ҚР Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші мамырына дейінгі мерзімде ҚР Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырады.Осы аталаған заңдылықтарға сәйкес, жыл басынан бері теміржол нысандарына барлығы 32 тексеріс жүргіздік. Оның 25-і жоспарлы түрде. Жоспардан тыс 7 тексеріс өтті. Жіберілген бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғаларға 827 190 тенге көлемінде 20 айыппұлсалынды. ҚР халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою жөніндегі 21 нұсқама берілді.
− Бейнеу және Болашақ стансаларындағы санитарлық-карантиндық пункттердің жұмысы жайында айтып берсеңіз?
− Жоғарыда заңнамада белгіленген тәртіппен басқарманың бірнеше функциялары туралы айттық, соның бірі өз құзыретінің шегінде тиісті аумақты инфекциялық, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу. Сондықтан аса жауаптылықты талап ететін санитарлық-карантиндік пункттердің жұмысының негізгі мақсаты - өте қауіпті жұқпалы және паразитарлық аурулардың және адам денсаулығына қаупі бар деген өнімдердің (тауарлардың) кеден шекарасына және Кеден одағы аумағына сырттан келуіне, таралуына қарсы іс-қимылдарды ұйымдастыру. Әуе, теңіз, темір жолдары арқылы келген тауар осы жолдардың бірінен екіншісіне тасымалданып, жолдар бір-бірімен байланысқа түсетіндіктен санитарлық карантиндік пункттер Бейнеу, Болашақ стансаларынан бөлек, Ақтау халықаралық әуежайында, Ақтау теңіз портында да орналасқан. Олар Кедендік одақ комиссиясының шешімімен бекітілген Ережеге және Кедендік одақ комиссиясымен бекітілген мемлекеттік тіркеуге жататын тауарлар тізімін басшылыққа алып жұмыс жасайды. Бұл тауарлар тізіміне балалардың тамақ өнімдері, залалсыздандыру, дезисекция, дератизациялық құралдар, тұрмыстық химиялық құралдар, шаруашылық-ауыз су жабдықтары және материалдары, құралдары, жеке гигиена тауарлары, тамақ өнімдеріне жақындасатын бұйымдар (ыдыс аяқтармен,технологиялық құралдардан басқа) өте қауіпті химиялық, биологиялық және осы препараттардың негізінде жасалған заттар жатады. Сондықтан санитарлық –карантиндік пункттердің мамандары Болашақ стансасы Түркменстанмен, Бейнеу стансасы Қарақалпақстан арқылы Өзбекстанмен шектесетіндіктен екі ел арқылы өтетін өнімдердің тиісті талаптарға сай болуын қадағалайды. Құжаттары жоқ өнімдер шекарадан асырылмайды. Болашақ санитарлық-карантиндік пункті теміржол стансасының әкімшілік ғимаратында орналасқан, Кедендік одақ комиссиясының шешімімен бекітілген Ережеге сай жасақталған,ал Бейнеу санитарлық карантиндік пункті Бейнеу вокзалының жанында.Санитарлық-карантиндік пункттер өз құзіретіне сай Кедендік одақ комиссиясының шешімімен бекітілген Ережеден басқа ҚР Заңдарына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде көзделген ережелермен,санитарлық- карантиндік пункттердің ережесіне,сонымен қоса теміржол мемлекеттік шекарасынан көлік құралдары және тауарларды өткізуге қатысты барлық ұйымдармен бекітілген технологиялық сызбасына сай жұмыс жасайды.
Барлық санитарлық-карантиндік пункттер қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Оның ішінде адамның дене температурасын өлшейтін тепловизор,пирометр құралдары да бар. Бұл саймандарарнайы лицензиясы бар мекемелермен жыл сайын тексерістен өткізіліп, сертификат беріледі.
− Теміржол нысандары, теміржолшыларды шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі қалай жолға қойылған?
− Барлық теміржол бойындағы Опорный стансасынан бастап, Маңғышлак стансасына дейінтұтынушылар су жүйесімен орталықтандырылған жүйе арқылы қамтылған. Ал разъезд тұрғындарына су вагон - цистерналармен тасымалданады.2014 жылдан бастап Өзен-Болашақ телімі бойынша 9 дана су айдау стансасы іске қосылды, сумен қамту автоматты режимде жүргізіледі. «Қазақстан темір жолы»ҰК» Ақционерлік қоғамының 2012 жылы 27 қаңтарында бекітілген шешімі бойынша 2012-2016 жылдарға арналған «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында «Теміржолсу» АҚ және «Магистральды желі дирекциясына» қарасты сумен қамту жүйелеріне жаңғырту және қайта құрастыру жұмыстары жасалды. Бұл жұмыстарда көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы нұсқаған санитарлық талаптардыңнегізіде ескерілді. Осы жылдар ішінде ауыз сумен қамту жүйелерінде 9,25 шақырымнан астам су құбыры жаңасына ауыстырылды. Қысымды су мұнараларына күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Барлық стансаларға су залалсыздандыру құрылғысы қойылды. Су тазарту қондырғылары орнатылды. Бұдан басқа кәріз су қондырғылары,өндірістік ғимараттар жөндеуден өткізілді.
Жалпы су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған су жинау орындары 2015 жылдың 29 қазанынында шыққан Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде және 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде көзделген ережелерге сай жылына 1 рет бақыланады. Осы жылдың 8 айында су жинау орындарынан 21 су сынасы алынды. Барлық су сынамалары санитарлық қағиданың талаптарына сай болып шықты. Оған қоса судың сапасына жауапты «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШСлицензиясы бар сараптау орталықтарымен келісімшарт арқылы өндірістік бақылау жасатып, тоқсанына 1 рет су сынамасы алынады. Егер су сынамасысанитарлық талаптарға сай еместігі анықталса, басқармаға шұғыл хабарлама келіп түседе. Құбырлар жуылып, залалсыздандырылады. Тазарту жұмысынан соң судың сапасықайта тексеріледі.
− Теміржол бекеттері мен жолаушылар пойызында заңсыз сауда түрлерін болдырмауға қатысты не айтасыз?
− Теміржол вокзалының перрондарында белгіленбеген жерден заңсыз сауда түрлерін болдырмау бүгінгі күннің өзекті мәселесі немесе әлеуметтік мәселе деп айтуға да болады.Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 29 қазанынында шыққан Кәсіпкерлік Кодексінде және 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде көзделген ережелерде белгіленбеген орындарда сауда жасаған жеке тұлғаларға қатысты біздің құзіретіміз айқындалмаған.Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» 204 бабына сәйкес Жергілікті атқарушы орган белгілегеннен тыс орындарда сауда жасау-ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып пұл салуға әкеп соғады.Ал,осы баптың бірінші бөлігінде көзделген,әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып пұл салуға әкеп соғады делінген. Сондықтан жеке тұлғалардың белгіленбеген жерде сауда жасауына тосқауыл қою жергілікті атқарушы органдардың құзіретінде. Алайда,жолаушылар пойыздарының жолаушылары арасында перронда белгісіз адамдардан тамақ алып, «Жедел ішек инфекциясы» деген диагнозбен ауруханаға түсіп жататын жағдайлар да кездеседі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 90 бабын басшылыққа ала отырып, вокзалдардың орналасу аумағы бойынша аудандық әкімдерге теміржол вокзалы мен теміржол вокзалының перронында орын алып отырған заңсыз сауда түрлерін болдырмауға шұғыл шара қолдану туралы хат жолдап отырамыз. Өкінішке орай белгіленбеген жерден сауда жасайтын жеке тұлғаның деректері болмау себептерінен әкімшілік жаза қолданылмай жатқаны біздіде толғандырады.Осы сұхбатты пайдаланып, жолаушыларға кез-келген жерден сауда жасап,әсіресе тамақ өнімдерін сатып алмауға кеңес беремін.
− Тұтынушыларға берер кеңесіңіз?
− Әрбір тұтынушының тиісті сападағы, өмірі мен денсаулығына қауіпсіз тауарларды сатып алуға,орындалатын жұмыстарды,көрсетілетін қызметтерді алуға,тауар жөнінде ақпарат алуға,дайындаушыға кінә қоюға толықтай құқығы бар.Өнім дайындаушы өнім сапасының сәйкестігін бағалау үшін «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» заңдарына, ал қазіргі кезде ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыруы керек. Нарықтық қатынас жағдайында заңнама ұйымдарға сыртқы нарыққа өз бетінше шығуға құқық береді. Өнімнің жарамдылық мерзімі ең маңызды сипаттама болып табылады. Жарамдылық мерзімі өткен тауар адам өміріне қауіп тудырады. Алайда өкінішке орай, кейбір дайындаушы немесе сатушылар пайдалану мерзімі өткен өнімдерді де дүкен сөрелеріне қояды.Базар,жәрмеңкелерде ешқандай құжатсыз-ақ сатылып жатады.Сондықтан тұтынушылар өнімді,тауарларды сатып аларда алдымен оның құжаттына, сақталу мерзіміне аса көңіл бөлгені жөн.
− Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан Шахида ЖҰМАН