Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлім етті.
Оның айтуынша, қазір Теңге және Рахат ауылдарының аяқталмаған жер телімдеріне инженерлік желі салынып жатыр. Бұл жұмыспен «Нұрлы Жол Құрылыс» мердігер мекемесі айналысады.
«Бүгінде сумен қамту желісі құрылысының 90 пайызы аяқталып, 9 шақырымға жуық су құбыры өткізілді. Құрылыс қазан айының соңында аяқталады. Электрмен қамтумен «Айком ЛТД» ЖШС айналысады. Қазір мердігер мекеме құрылыс - монтаждау жұмыстарына кірісті. Жоба жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс», - деді Мақсат Ибағаров.
Ал газбен қамту құрылысын «Шебер Құрылыс» мекемесі жүргізеді. Бұл жұмыстың 45 пайызы бітті. Жобаны тапсыру жыл соңына дейін жоспарланған.