Отбасы банк салымшылары үшін Ақтауда жаңа ықшамаудан салынады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысының әкімдігі тұрғын үй салу үшін жер телімін бөледі. Тапсырыс бойынша тексерілген құрылыс салушылар жыл сайын шамамен 15-20 көп пәтерлі тұрғын үй салынады деп жоспарланған. Пәтердің 1 шаршы метрінің құны 180 000 теңгені құрайды."
Осы бағыттағы ынтымақтастық туралы меморандумға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов пен "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова қол қойды.
Отбасы банктің салымшылары тұрғын үйді "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып ала алады. Бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар, оның ішінде көп балалы және толық емес отбасылар, денсаулық сақтау және білім беру саласының бюджет қызметкерлері үміткер бола алады.
Өңірде күн сайын 100-ге жуық адам банктің жаңа салымшысына айналып жатыр. Олар болашақта арзан және сапалы баспана сатып алуды жоспарлап отыр, ал банктің мақсаты - көмектесу. Сондықтан біз бүгін күш біріктірдік және облыс әкімдігімен бірлесіп жұмыс істей отырып, халқымызды қолжетімді пәтермен қамтамасыз ете аламыз деп есептейміз, деді Ляззат Ибрагимова.
Осы жылы "Отбасы банк" АҚ-ның Маңғыстау облысындағы филиалы 2 150 қарыз берді. Олардың ішінде банктің көмегімен 148 көп балалы және толық емес отбасы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қоныс тойын тойлады.