Маңғыстауда алимент төлеушілер биыл 9%-ға артқан
[ 2021 ] 27 қазан, 19:11 | Қоғам
Маңғыстауда былтырмен салыстырғанда алимент төлеушілер саны биыл 9%-ға артқан. Маңғыстау облыстық Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының мәліметінше, 2020 жылы Маңғыстау облысы бойынша алимент төлеушілердің саны 8537 болатын болса, ал 2021 жылы 9390-ға жеткен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Осы орайда көп мәселе балаларды асырауға қатысты алимент өндіру мен оның мөлшеріне байланысты.
- бір балаға ата-анасының еңбекақысынан немесе өзге табысының ¼ бөлігі;
- екі балаға ата-анасының еңбекақысынан немесе өзге табысының 1/3 бөлігі;
- үш және одан да көп балаға ата-анасының еңбекақысынан немесе өзге табысының ½ бөлігі төленуі тиіс.
- кейбір жағдайларда осы үлестер мөлшері тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын және басқа балалар және өзге де назар аударатын жағдайларды ескерумен азайтылуы немесе ұлғайтылуы мүмкін.
- алимент төлеушінің жалақысынан ұстап қалудың жалғыз шектеуіші «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 95-бабы болып табылады, оған сәйкес борышкерде жалақысының немесе өзге табысының 50%-ы сақталуы тиіс.
Мемлекеттік сот орындаушы және жеке сот орындаушының алимент өндіру бойынша жұмыстарының қалай атқаралатындығы жөніндегі барлық мәлімет Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің "Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 есептің нысанында қалыптастыралады.
Сот актілерін орындау бойынша жұмысы туралы" № 4 есептің нысаны арқылы Басқарма тарапынан әрбір аймаққа тиесілі атқарушылық құжаттардың қозғалысы бұл материалды орындаудан бастап, істі аяқталғанға дейінгі әрбір сатысын заңға сәйкес реттейді.
950
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.