Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев тағайындалды.
Қаныбек Жұмашев 1970 жылы 10 қазанда Маңғыстау облысы Ералиев ауданы Жетібай ауылында туған. Білімі: 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.
1992-1993 ж.ж. Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «Каражанбасмунай» АҚ инженері. 1993-1995 ж.ж. Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы политехникалық колледж мұғалімі.
1995-1997 жылдары Жаркент қаласында Қарулы күштер сапында қызмет етті.
1997-1998 жылдары Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №5 орта мектебінің мұғалімі.
1998-2000 жылдары Маңғыстау облысының Білім беру басқармасының жетекші маманы.
2000-2004 жылдары Маңғыстау облысының дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры.
2004-2005 жылдары Маңғыстау облысы Білім беру басқармасы меңгерушісінің орынбасары.
2005 жылы Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының қызметін атқарушы.
2005 жылы Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының орынбасары.
2005-2006 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі.
2006-2007 жылдары Маңғыстау облысы Білім беру департаментінің директоры.
2007-2010 жылдары Маңғыстау облысы Білім беру басқармасының басшысы.
2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
2012-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2014-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары.
2015 жылы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі.
2015-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының Xатшысы.
2019 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2020-2021 – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.