Үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдары мен салынып жатқан объектілердің тізімі жасалды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоғарыда көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) жарамсыз болып табылады.
Сіздің қаражатыңызды сақтау үшін Ақтау қаласының әкімдігі қырағы болуды сұрайды және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуды ұсынбайды.
«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз тартуға тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.
Егер Сіз келісім-шарт жасаған болсаңыз немесе туындаған мәселелер бойынша Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, қалалық әкімдік ғимараты, «Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» ММ-ға жүгінуіңізді сұраймыз.
Кері байланыс үшін телефон: 8 (7292) – 50-47-79; 87066362362
Жақыпов Жанболат Киікбайұлы, Үлескерлермен жұмыс секторының меңгерушісі