• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 26 Ақпан 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Бозжыраның бүгінгі бейнесі (ФОТО)...

Ауған соғысы құрбандарын еске алды...

Аққулар қанат қаққанда (ФОТО)

Бағзы дәуірден үн қатқан...

Биыл «Құрық-Жетібай» автожолының күрделі жөндеу жұмыстары басталады...

  • USD: 414.77 ₸
  • EUR: 506.81 ₸
  • RUB: 5.64 ₸

Еділ Жаңбыршин Бозжыраға қатысты пікір білдірді

16 ақпан, 10:33  |  Жаңалықтар

Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Бозжыра мәселесіне қатысты әлеуметтік желіде өз пікірімен бөлісті.

Қадірлі ағайын!

Соңғы кезде Маңғыстауда туризмді дамыту мәселесі, әсіресе Бозжыра аумағында нысандар салуға қатысты ел-арасында әр түрлі пікір-таластар айтылуда. Көптеген азаматтар менің де ой-пікірімді білгісі келіп хабарласуда. Сонымен қатар ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевқа жазылған хатқа байланысты да сұрақтар туындауда.

Біріншіден, жазылған хатқа байланысты түсінік бере кетуді жөн көрдім. Содан соң қалған мәселе туралы өз ойымда айтайын.

Өздеріңізге мәлім, өткен жылы әлеуметтік желілерде панорамасында Бозжыра көрінетін отельдердің фотолары жарыққа шықты. Бұл жариялымдарға ел арасында түсінбеушілік болып, критика айтыла бастады. Содан кейін мемлекет басшысы Қ.К Тоқаев 17 қарашада Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді. 18 қарашада бұл мәселе туралы тағы ақпарат шықты. Ақпараттар ҚР Перезидентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мырзаның Фейсбуктағы жеке аккаунтында жарияланды.

Президенттің бұл шешімін ел жақсы қабылдады. 2020 ж. желтоқсан айында Маңғыстаудың азаматтары қол қойған хат маған да келді, Қ.К. Тоқаевтың осы шешімін қолдап, хатқа мен де қол қойдым. Оны жасырмаймын!

Хаттың ішінде түсінбеушілік туғызып отырған негізгі мәселе Бозжыра «аймағында» немесе «аумағында» туризм инфрақұрлымын дамыту деген сөздер деп есептеймін. Бұған айтарым Бозжыраның дәл іргесінен қонақ үйлер салынады деген наразылыққа Президент қонақ үйлерді салу жобасын қайта қарау керек деп тапсырма берді. Мен ол ұсынысты қолдадым, яғни объектілердің локациясын ауыстыру қажет. Солай болуы да керек. «Аймақ», «аумақ» сөздері кең ареалды қамтиды (мағнасы «облыс», «ел», «аудан» деген сөз), оған Сенек ауылы, Жаңаөзен қаласы, тіпті Кендірлі де кіреді. Хатқа қол қойған кезде ИП «Иванова»-ның «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» (ОВОС) жобасы дайын емес еді. Сонымен қатар осы тақырып төңірегінде экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев жергілікті ғалымдармен, мамандармен және жергілікті тұрғындармен кездесті. Оны мына сілтемеден оқуға болады: https://informburo.kz/.../minekologii-o-safari-otele-v...

Жалпы хаттағы негізгі тұжырым МАҢҒЫСТАУДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ КЕРЕК, БІРАҚ ОЛ ТАБИҒАТҚА КЕРІ ӘСЕРІН ТИГІЗБЕУІ КЕРЕК!

Менің жеке позициям қандай нысан салынбасын, қоршаған ортаға керін әсерін тигізбеуі керек немесе тигізсе де өте төмен деңгейде болуы керек. Экология үшін талай қоғамдық тыңдауларда бас көтергенімді ел жақсы біледі. Ол позициямнан айныған емеспін!

Бұған дейін де бірнеше азаматтар Фейсбук желісінде маған Бозжыра туралы ойымды білгісі келіп, бірнеше рет комментарийлер жазып және мессенджер арқылы жекеме шығып сұраулар салды. Оларға жауабым «Нақты жобаларды көрейік, сосын тиісті бағасын берейік» - дедім. Менің жауаптарымды тауып, оқуға болады. Тоқ етері, бұл хат 2020 жылдың ЖЕЛТОҚСАН айының басында жазылған және Президент Қ.К. Тоқаевтың шешімін қолдаған Үндеу болатын. Оған дәлел, Самат Мұсабаев інімнің «обл. мәслихат депутаты» деген жазуы. Ия, ол кезде әлі ол Парламенттің Мәжіліс депутаттығына сайланбаған еді.

Бұл хатты шығарып отырған адам оны неге екі ай өткеннен кейін жариялап отырғаны маған түсініксіз?!

Екіншіден, Маңғыстаудың тумасы ретінде, ғалым-эколог ретінде айтарым «Бозжыра» болсын, «Шерқала» болсын, «Айрақты» болсын және басқа да табиғи нысандарымыз болсын, туризм индустриясын дамыту үшін қажет (оларды пайдаланыпта жүрміз), бірақ флора мен фаунаға, топырақ пен ауаға, тау-тасқа зиян келтірмейтіндей, халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, іске асырған жөн!!!

Бозжыраға қатысты «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасы жақында қолыма тиді, таныстым. БАҚ, әлеуметтік желідегі мамандардың, сарапшылардың пікірлерін де көрдім, оқыдым. Сонымен қатар, Парламенттегі депутат эколог-ғалымдармен, мамандармен пікір алмастық. Осы талдаулардың нәтижесінде түйген ой:

1. Жобаны бастамас бұрын, инвестор өңірдің, оның ішінде Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданына аса мән беріп, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайларды толық зерттеп, Тұжырымдамасын (Концепциясын) жасап, қоғамға ұсыну керек еді. Барлық пікірлер мен ұсыныстарды ескеріп, сосын барып жер бөлу мәселесін шешкен дұрыс болатын еді.

2. Содан кейін жобаны Заң талаптарына сәйкес алғашқы нұсқасын жасақтап, онда құрлыс нысандарының бірнеше балама орындарын көрсетіп, экологиялық-экономикалық тиімділігін негіздеп, қоғамдық тыңдау өткізу керек еді;

3. Жасақталған «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» (ОВОС) жобасы ешқандай сын көтермейді. Ондағы кемшіліктер мамандар тарапынан айтылды, қайталамайын. Мұндай ірі жобаны тәжірибесі мол компанияға жасату керек еді, жеке кәсіпкерге тапсырыс бермей;

4. Инвестор бұл жобаға ат үсті қарап, қоғаммен байланысты (паблик рилейшнз) жоспарламаған және жергілікті атқарушы билікте бұл жұмыстарды өз деңгейінде ұйымдастырмаған.

Не істеу керек?

1. Бозжыра мәселесі жөнінде облыс аумағында жұмыс тобын құрған жөн болар. Оған экология, туризм және басқа да салалардың мамандары кіріп, барлық ұсыныс-пікірлерді жинақтағаны дұрыс. Жұмыс тобы ашық түрде жұмыс жасап, ең оңтайлы шешімді қабылдап, инвесторға ұсынуы қажет.

2. Маңғыстау облысында туризмді дамыту бойынша кешенді жоспарды жасақтаудың уақыты келді. Ол ғалымдардың, сарапшылардың және мамандардың қатысуымен іске асырылғаны жөн. Бұл болашақта жүйесіз жұмыстардың болмауына септігін тигізеді.

Құрметті ағайын!

Әр адамда өзінің ой-пікірі болады. Кейбір ұсыныстар Сізге ұнамауы да мүмкін. Бірақ ол, дауласуға, ренжісуге, ұрыс-керіске негіз болмауы керек. Біз дәлелдер мен деректерді, факт пен нақты ұсыныстарды айтып, ақиқатын анықтап, мәмілеге келгеніміз дұрыс. Ең бастысы адам өміріне және табиғатқа залал, зиян келтірмейтін шешім қабылдаумыз қажет. Осы мәселеге байланысты қолымнан келетін көмекті көрсетуге дайынмын! Ел аман, жұрт тыныш болғай!

Құрметпен, Еділ Жаңбыршин, - деп жазды ол facebook парақшасында.

373
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Қала аумағында тиісті рұқсаты жоқ құрылыс нысандарының тізімі

Келесі жаңалық

Облыста тағы 9 адам коронавирустан жазылып шықты

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Редакция ұжымы Қоғам Ауыл өмірі Байланыс мәліметтері Мәдениет Қарақия Ашық қоғам Экономика Редакция газеттері Біле жүріңіз Фото Денсаулық

    Автордың басқа да жазбалары

    Батыс Үстірт етегіндегі шатқалдар (ФОТО)

    Кеше 17:29
    268

    Мұнайлыда кәсіпкерлер жәрмеңкелердің қайта ашылуын сұрайды

    Кеше 14:23
    114

    «Білім студиясы» оқу орталығы ашылды

    24 ақпан, 15:08
    190

    Боранқұл ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін қозғалыс шектелді

    23 ақпан, 10:40
    174

    «Маңғыстау-Ақтөбе» пойызының сапасы сын көтермейді - Жолсеріктер

    22 ақпан, 17:55
    515

    "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының орындалу барысы талқыланды

    19 ақпан, 14:53
    245

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»