Атырау облысында ауа райының нашарлауына байланысты Бейнеу ауданының Боранқұл ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция департаменті жүргізушілерге ауа-райын бақылап, аса қажеттілік туындамаса ешқайда шықпау керек екенін ескертеді.